2 Графикалық диктант әдістемесі
Д.Б.Элконин құрастырған бұл әдістеме ересектерді мұқият тыңдау, нақты нұсқауын
орындауға, берілген параққа дұрыс түсіруге, ересектердің тапсырмасын өз бетімен
орындауға дағдаландыруға бағытталған.
Алдымен балаларға клеткалы дәптер беттері таратылады, психолгтың айтуымен тордың
бойымен әр түрлі өрнек түсіреді. Балаларға дауыстап айтқанда әр тапсырмадан кейін біраз
кідіріс жасау қажет. әр өрнекті жасауға 1,5-2 минут беріледі. өрнекті жасауда қолды
дәптер бетінен алмау қажет. Балаларға оң қолы қайсысы екенін ескерту қажет. Соңынан
балаларға «ал енді өздерің жалғастырыңыздар» деп тапсыру қажет
Нәтижесін бағалау
Жаттықтырып орындаған өрнек бағаланбайды, тек өздері жалғастырған өрнекті және
қалай орындағанын бағалаймыз.
Дәл орындалған өрнек – 4ұпай(қисық сызық, сызықтың дірілі, кір жазу бағасын
түсірмейді.
Бір сызықтағы қате – 3 ұпай
Бірнеше қате -2 ұпай
Кейбір белгілерінің ұқсауы- 1 ұпайтіпті жеке белгілерінің ұқсамауы- 0 ұпай.
Өз беттерімен орындаған өрнектерде осылай бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |