А.М.Битянов психологиялық- педагогикалық сүйемелдеудің үш
компонетін анықтады.
1.Баланың психологиялық-педагогикалық статусын үнемі қадағалау.
Психолог педагогпен бірігіп баланың жағдайын талдауда «психологиялық
ахуалы жақсы» және оқуда, қарым қатынаста психологиялық қиындықтарды
сезінетін екі топты анықтады.
2.Баланың жақсы оқуына және дамуына әлеуметтік-психологиялық
жағдайлар тудыру, жасөспірімдермен жұмыс (арнайы дамытушы ортасын
ұйымдастыру сабақтары, кеңестер), педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.
Бұл бағытта жұмыс түрлерінің жалпы мақсаттары – педагогтарға және ата-
аналарға тәрбиелеу және білім беру кеңістігін ұйымдастыруға көмектесу.
Баланың психологиялық ерекшеліктері және олардың өзекті қызығушылықтары
мен қажеттіліктері ескеріледі.
3.Жасөспірімдердің
оқу,
қарым-қатынас
және
психологиялық
проблемаларын шешуде арнайы әлеуметтік-психологиялық жағдай құру. Негізгі
мақсат – психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар балаға сәйкесті
оқыту мен қарым-қатынас жағдайларын құруға көмектесу.
Шешім.
Сонымен, «әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу» және «қолдау»
түсініктері тығыз байланысты, бірақ, мазмұнымен бірдей емес. Әлеуметтік-
педагогикалық сүйемелдеу баланың құқығын қорғауға және жеке басының
проблемаларын шешуге, қажеттіліктерін анықтауға бағытталған.
«Сүйемелдеу» түсінігі тұлғаның қалыпты түрде даму реакцияларын,
үрдістерін және жағдайды қолдауын қарастырады. Сүйемелдеу тұлғаның
айқынды мүмкіндіктерін іске асыруға, баланың жеке басының ерекшеліктерін
ашуға, тұлғаның маңызды сапасын қолдауға және дамуының жетіспеушілігін
түзетуге, өздігінен таңдауға және оған жауапершілікпен қарауға бағытталған.
Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу мақсаты - баланың –түрлі өмірлік
ситуацияларда өз-өзін дамыту, өздігімен реттеу, өзгеру және өздігінен іске
асырылу қабілетін қалыптастыру.
|