Ал, хандықтың бас әскербасын хан өзі та-
ғайындаған.
Ол ұйымдастыру қабілеті бар, қол
бастай алатын, шабуыл мен қорғану ісіне шебер,
әрі ұрыстарда батылдық көрсеткен, жекпе-жектерде
жеңіске жеткен адам болуы керек. Осындай батырды
ғана әскербасы етіп қойған [2, 186-б.].
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелу
барысында батырлардың үстем тапқа жатқызылуы
тарихи кезеңдегі әскери-басқару құрылымының үлкен
рөл атқаруымен, демек, әскери қарсыласу дәуірінде
батырлар-көсемдер ие болатын зор билік ықпалымен
анықталды. Батырлар институтының қалыптасуының
аяқталуын негізінен XVIII ғасырмен байланыстырмыз.
Сондықтан дәл осы кезеңде батырлар институтының
күрделі қалыптасу үдерісі аяқталып, ол өзінің дәл осы
кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамына тән ерекшелігіне
сай өзіндік қызметтерін атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |