XVII-XVIII ғасырлардағы ішкі және сыртқы
факторлар қазақ қоғамындағы батырлардың сая-
си, әлеуметтік мәртебеге ие болуына қолайлы
жағдай туғызған.
Сондықтан ел басына күн түскен
сәтте саяси басымдық батырлар қолына өтті.
Бұл
туралы зерттеуші Н.Г.Апполова:
«XVIII ғасырдың
бірінші жартысындағы батырлар тек қана əс кери
жорықтарда маңызды рөл атқарған жоқ. Олар
əртүрлі дипломатиялық тапсырмаларды орын
дайтын елшілер ретінде де белсенділік таны та
ды. Ақсақалдар кеңесіне де құлшына араласады.
30жылдардағы феодалдық күрес кезінде берік топ
ты құраған Бөкенбайдың басқаруындағы ба тырлар
қазақтардың Ресейдің қарамағына өтуіне шешуші
күш болған»,
– деп жазды [4, 169-б.]. Сыртқы жаудан
қорғану, елдің ішкі бірлігін сақтау сияқты күрделі
мәселелерде батырлардың рөлі жоғары болды. Батыр
атағын ақсүйек және қарасүйек өкілдері де қоғамдық
дәрежесіне қарамастан бірдей иелене алатын, әрі
батырлар XVII-XVIII ғасырлардағы сыртқы фактордың
күштілігінен қоғамдық қатынастарда басымдылыққа
ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |