Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев


Әскери  өнерді  кәсіп  етіп,  ел  қорғау  арқылы



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата02.02.2022
өлшемі3,85 Mb.
#116949
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
annotation129503

Әскери  өнерді  кәсіп  етіп,  ел  қорғау  арқылы 

даңқ  пен  абыройға  бөленген  батырлар  енді  жәй 

ғана  қару  асынған  сарбаз  емес,  халыққа  сөзін 

өткізіп,  билік  айтатын  саяси  тұлғаға  айналды. 

Олардың  атап  өтерліктей  маңызды  ішкі  саяси  қыз-

меттері қатарына азаматтық басқару істеріне тартыла 

бастауларын жатқызамыз. Тіпті кейбір жағдайда хан 

мен сұлтандардың өзі батырлармен санасып отыруға 

мәжбүр  болған.  Өйткені  ханның  немесе  сұлтанның 

қоғамдағы орны оған қолдау білдірген батырлардың 

беделі  мен  санына  қарай  анықталды.  Оның  үстіне 

батырдың шыққан руы үлкен болып, өзі ауқатты бол-

са,  осыған  қатысты  біздің  ой-тұжырымдарымыздың 

барысын  түсіну  қиын  емес.  Халқымыздың 

«батыр 

болып, бай болса, ханнан несі кем»

 деп сөз саптауы 

осыған  қатысты  айтылса  керек.  Бұл  айтылған  тұ-

жырымдарымызды  тарихи  деректермен  негіздесек. 

ХVІІІ  ғасырдың  алғашқы  жартысында  қазақ  ел  бас-

шыларынан  ант  қабылдаған  Татищев  Әбілқайыр 

хан ды көп ешкім тыңдамайтындығын айта келіп, Ор-

та  Жүзден  Жәнібек  батыр  мен  Шүрек  батыр  және 

Кіші  Жүзден  Бөкенбай  батыр  жоғары  беделге  ие 

екендіктерін жазады [7, 160-б]. Қазақ батырларының 

ішкі саяси жүйесіндегі ықпалын төмендегі тарихи оқи-

ғалардың  желісі  негізінде  одан  ары  дамытсақ.  Ал-

ғашқы оқиға есімі ұранға айналған Алдияр батыр мен 

байланысты.  М.Тынышбаев  еңбегінде  келтірілген 

мә ліметтерге сүйенсек, Алдияр батыр Тәуке ханның 

за мандасы  және  ханның  оң  жағын  ала  отыратын 

батырдың  бірі  болғанға  ұқсайды  [8,  220-б.].  Міне 

осы Алдияр батыр мемлекеттік істерді ақылдасатын 

шаруалар  туындағанда  Тәуке  ханның  жанынан  та-

былып, өзінің пайымдауларын білдіріп отырса керек.

Батырлардың  саяси  ұстанымдарына  байланыс-

ты  ел  басына  түскен  қиын  кезеңдерде  шешімі  қиын 

қоғамдық  мәселелердің  ел  жиынында  шешілетіні 

Тевкелевке жолығуға келген кіші арғын руынан қара 

балуан  Бөгенбайдың  айтқанынан  да  білінеді.  Ол: 

«мамыр  айында  Орта  жүздің  бүкіл  ел  басшылары: 

хандар мен сұлтандар, қазақтың түгел ру басылары 

жиналған  кеңес  болады.  Егер  бодандық  мəселесін 

түбегейлі  шешемін  десе  елші  соған  қатыссын»,–

 

деді  [9,  63-б.].  Патша  өкіметі  саяси  биліктің  тізгіні 



хан дарда  ғана  емес,  би-батырларға  да  тікелей  қа-

тысты  екенін  ұғынған  соң  оның  айналасындағы  ру 

басылары  сынды  жақын  адамдарға  да  сый-сияпат 

жіберіп  көңілін  аулауға  тырысты  [10,  2-2  об.  б.]. 

Батырлар  мемлекеттің  болашағына  алаңдады.  Мы-

салы,  Бөгенбайдың  ел  тағдырын  терең  ойлайтын 

кемеңгер  азамат  екенін  1748  ж.  Орынбор  кездесуі-

нен  байқаймыз.  Көшпелі  елдің  тағдыры  не  болмақ, 

замана тынысы қалай, елдің болашағы үшін қандай 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет