Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев


Енді батырлар институтының атқарған қызметі



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата02.02.2022
өлшемі3,85 Mb.
#116949
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
annotation129503

Енді батырлар институтының атқарған қызметі 

мен  оны  реттейтін  ережелердің  мазмұнын  және 

қалыптасуын  толығырақ  ашып  көрелік. 

Ол  үшін 

бұл мәселені батырлардың әлеуметтік-экономикалық 

және ішкі саяси қызметі деп бөліп қарастырғанымыз 

жөн.

Зерттеу тақырыбымыздың уақыт шеңбері қа-

зақ  тарихындағы  түрлі  өзгерістер  әкелген  бет-

бұрысты кезеңге сәйкес келеді.

 Оның басты себе-

бі  географиялық,  шаруашылық-экономикалық  және 

сая си-әлеуметтік  жағынан  үш  субэтностық  аймаққа 

бөлінген  Қазақ  хандығының  ішкі  байланыстарының 

әлсіздігін,  ру-тайпалар  арасындағы  қарым-қаты нас-

тардың  тұрақсыздығынан  және  билеуші  топтар  дың 

саяси  бақталастығынан  туындады.  «Ортақ  өгіз ден, 

оңаша  бұзауды»  артық  көрген  билеушілер  ара-

сындағы  алауыздық  қазақ  халқының  болашағын 

ты ғырыққа  тіреді.  Жоңғар  шапқыншылығына  дер 

ке   зінде  тойтарыс  берілмеуінен  «Ақтабан  шұбы рын-

ды»,  «Алқакөл  сұлама»,  «Сауран  айналған»  тә різ-

ді  зұлматтар  орын  алды.  Мұның  барлығы  ру-тай-

па  игі-жақсыларын,  яғни  батырлар  мен  билердің 

үстем  түсуіне  жағдай  жасады.  Басқаша  айтқанда: 



«ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында батырлардың 

беделі  мен  əлеуметтік  маңызы  мейлінше  күшті 

өсті,  мұның  өзі  сыртқы  қауіпке  жəне  қазақтардың 

əлеуметтік ұйымдасуында əскери құрылымдар рө­

лінің  арта  түсуіне  байланысты  болатын.  Жоң­

ғарлар басқыншылығына пəрменді тойтарыс беруді 

ұйымдастыру  қажеттілігі  əуелі  əскери  сахнада 

ал сонан соң саяси сахнада да халықтың жол бас­

таушылары мен қолбасшылары – батырлардың аса 

көрнекті  шоғырының  пайда  болуына  жеткізді»

  [5, 


238-б.]. Үмбетей жыраудың:

Батыры ханға сай болды,

Елің жайпақ болды

, – деп жырлайтыны осы кезең 

[6, 134-б.]. 

Тарихи  даму  үдерісінің  біркелкі  болмауына  орай 

қоғамдық институттар бірін-бірі жиі алмастырып, соған 

байланысты  әртүрлі  әлеуметтік  құрылымдардың  бі-

рі  алға  шығып,  екіншісі  кенжелеп  отырды.  Осындай 

аумалы-төкпелі кезеңде батырлар институтының ал-

дыңғы қатарға шығуы заңды құбылыс болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет