К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
20
Ерте заманда бір әйел дүниеқұмар болыпты. Өзінше «алтын, күміс дүниелерің болса,
басқаның не керегі бар» деп есептепті. Сөйтіп, өңшең алтын-күміс заттарды, тіллә теңгелерді
жиыпты.
Бір жылы астық шықпай, елде ашаршылық болып, нан тауып жеу қиынға түседі. Алға-
шқы кездері әйел зат, теңгелеріне бидай нан алып күнелтіпті. Ел күйзеліп, онша-мұнша жиған
қорлары таусылатын болған соң, бұрынғыдай айырбас жасауды қойыпты. Әйел: «Аштан өліп
барамын, бір уыс астық беріңдерші», – деп жалынып-жалбарынса, ешкім көнбепті. Әлсіреп,
көзі қарауытып бара жатқан әйел: «Арпа, бидай – ас екен, алтын, күміс – тас екен», – деп,
алтын, күміс дүниеліктерін лақтырып жіберіп, құлап түскен екен.
Достарыңызбен бөлісу: