Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


«АРБАҒА ХАНМЕН БІРГЕ МІНГЕНБІЗ»



Pdf көрінісі
бет36/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

«АРБАҒА ХАНМЕН БІРГЕ МІНГЕНБІЗ»
Қырдағы елдің басшысы өліп, кімді басшы қоярын білмей жұрт қатты дағдарады. Сол
кезде Дүбінің анасы самсаған сары қолдың алдына келіп: «Талабы бар елдердің барлығы садақ
тартсын. Кімнің садағы сағымға байланса, соны бас көтеріңдер», – дейді. Талаптанған ерлердің
бәрі садақ тартады. Бірақ ешбірінің садағы сағымға тоқтай алмайды. Сонда Дүбінің шешесі:
«Менің мерген балам тау ішінде аң аулап жүр. Соны шақырып әкеліңдер, сағымға соның
садағы тоқтар», – дейді. Белгіге жүзігін береді. Елдің атақты билері барып Дүбіні шақырады.
Алғашында ол келгісі келмесе де, шешесінің белгіге беріп жіберген жүзігін көріп, бармақшы
болады. «Мен жанды нәрсеге мініп бара алмаймын. Маған күйме керек», – деп Дүбі шарт
қояды. Үлкен күйме жасалып, атын «Қаңқа», «Қаңқалы» деп атайды. «Қаңқа – арба» Алтай
елінің тілінде де айтылады. Арба жасаған кісі қаңқалы аталады. Бара-бара «қаңқалы» сөзі
өзгеріп, «қаңлы» сөзіне айналады. Мәнісі – «арбалы» деген сөз. Арба істеген шебер жол-жөне-
кей мертігіп, ақсаңдап келе жатқанда, Дүбі оны аяп, арбасына мінгізеді.
Бүгінге дейін қаңлы елінің аузындағы: «Қаңлы елінде хан бар, кәделі елде қаңлы бар»,
«Хан жоқ болса, қаңлыдан хан көтер», «Арбаға ханмен бірге мінгенбіз» деген мәтелдер содан
қалған. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр, аңыздар».
Ел арасында айтылатын «Қаңлы жоқ жерде хан сайланбас» немесе «Қаңлысыз хан (көтер-
мес) сайланбас» деген мәтелдер де ескіден келе жатқан жоғарыдағы аңызды қуаттай түсетін-
дей.
«Арбаға ханмен бірге мінгенбіз». Бұл – арбаны алғаш жасаған, хан құрметіне бөленген,
ханға жақын жұртпыз деген ойларды аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет