Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


АҢҚАУ АСТЫНДАҒЫ АТЫН АЛТЫ АЙ ІЗДЕПТІ



Pdf көрінісі
бет35/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88
Байланысты:
67425079.a4

АҢҚАУ АСТЫНДАҒЫ АТЫН АЛТЫ АЙ ІЗДЕПТІ
Бұл нақыл асығып-аптығып жүріп, оңай жерде тұрған затты көп іздеп қалғанда,
ұмытшақтыққа күйінгенде айтылады.
Бір бай жаңа жалданған жылқышы жігітке: «Мынаны сен бағасың» деп, бір үйір
жылқыны санап беріп, алдына салады. Жігіт үйірдің ішінен біреуін ерттеп мініп, жылқыларды
өріске айдап кетеді. Өрістен қайтқанда: «Осыларды түгендеп қояйын, көңіл тыныш болсын», –
деп, санайды. Бірақ қанша санаса да, бір жылқы кем шығады. Содан «Біреуі қайда кеткен?» –
деп іздейді. Үйірін тастап кете алмай, алдындағы жылқысын айдай жүріп, жаз бойы іздеумен
болады. Жоғы табылмай, шаршап-шалдығып жүргенде, бір кісі кездеседі. Жігіт оған жайын
баяндап: «Алты ай болды, әлі таба алмай келе жатырмын» деп, күйінішін айтады. Жігітке жаны
ашыған шал: «Ал кәне, екеулеп түгендейік», – дейді. Сөйтеп екеулеп санап шыққаннан кейін:
– Көрдіңіз бе, біреуі жетпейді, – дейді жігіт ренжіп.
– Ал астыңдағың ше?
Ол мініп жүрген атына көз тастайды да, жүзі бозарып:
– Менің алты ай жаз іздеп жүргенім осы ғой деп санын бір соғады.
«Аңқау астындағы атын алты ай іздепті» деген сөз содан қалыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет