АҢДАМАЙ СӨЙЛЕГЕН АУЫРМАЙ ӨЛЕР
«Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі» деген нұсқасы да бар. Алды-артын ойлап-пішіп
алмай, жеңілтек сөйлеген адам ұятсыздыққа қалады, ағат сөйлегеніне қатты опынады
деген мағананы білдіреді.
Өмір, Темір, Қайыр, Естемес атты төрт ағайынды болыпты. Ажал жетіп, ағайындылардың
біреуі қайтыс болады. Оған көңіл айтуға келген келіндердің бірі былай депті: «Өлмейтін өмір
жоқ, үзілмейтін темір жоқ, арты қайырлы болсын». Бұны естіп жеңгелері беттерін шымшып,
келген қонақтардың алдында не айтарларын білмепті. Келіндері онымен қоймай: «Ой, есте
жоқ, есімнен шығып кетіпті», – деп ақталыпты.
Осылайша келіні төрт атасының атын атап жеберіпті. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер»
деген сөз содан қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |