Монография «Елтаным баспасы»


Фразеологизмдердің лексика-грамматикалық варианттары



Pdf көрінісі
бет172/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

Фразеологизмдердің лексика-грамматикалық варианттары
Фразеологизмдердегі варианттылық тек бірыңғай фонетикалық неме-
се лексикалық, морфологиялық қана емес, аралас лексика-грамматикалық 
түрлері де ұшырасады. Бұл – аралас екі варианттың қатар келуі Бұған 
етістікті фразеологизмдердің аналитикалық түрленуі жəне басқа да 
қосымшалардың жалғануы мысал бола алады. 
Мысалы:
Жер соғу – жер соғып қалу – Жер қып кету – Жер ету 


176
Жаны шыға жаздау – Жаны шығып кете жаздау
Фразеологиялық тіркестің бір сыңары қосарлану арқылы:
Құлындай тебісіп өсу – Құлын-тайдай тебісіп өсу
Танауы желбіреу –Танауы желп-желп ету 
Фразеологизмдердің варианттылығы қалай десе де стиль мен нормаға 
тығыз байланысты. Фразелогизмнің мағынасына нұқсан келтірмей 
өзгертіп айту үшін де белгілі бір тілдік нормадан, қалыптан аспау керек. 
Фразеологиялық қордағы вариант фразеологизмдердің түрлері əдеби нор-
ма тұрғысынан қалыпқа түсіріліп отырады. Бұл көбінесе көркем мəтінде 
жазушы шығармалары арқылы жəне бұқаралық ақпарат құралдарында 
берілуі де назардан тыс қалмауы тиіс. Əдетте фразеологизмдердің ок-
казионал қолданыстары кездеседі. Бірақ оның да стильдік қызметі бо-
лады. Бұлар поэзиялық, прозалық шығарма тілдерін талдағанда бірден 
байқалатын құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет