фразеоло
гизмдер
дің ау
дарм
а əдебиетте берілуі.
Демек ұлттық нышан астарында берілетін қазақ тілінің фразеологиялық
қорын, паремиологиялық үлгілерін, ұлттық өлшем ретінде қалыптасқан
теңеулерін, бейне-символдарын, коннотациялық ұғымды сөздерін аудар-
ма əдебиетте беру қандай жолдармен, əдіс-тəсілдермен жүзеге асырыла-
ды деген сауал туындайды.
Аударманың, əсіресе көркем аударманың, күрделі тұсының бірі – ол
тарихи-мəдени ақпаратты жеткізу, белгілі біз сөз, тіркестің астарлы
ақпаратын адекватты түрде ашып беру, оның мағынасын жоғалтпау.
Мысалы, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан алынған
үзіндінің сəтсіз аударма үлгісін қарастырайық:
«... он жеті жасар
Əбілқайырды азулы тілектестері Дешті Қыпшаққа хан етіп ақ кигізге
көтерді. Бақ құсы басына қонып, ақ түйенің қарны жарылды».
М. Симашконың тəржімалауында жоғарыдағы үзінді былай беріледі:
«
Семнадцати лет от роду был поднят на белой кошме Абулхаир, в знак
правозглашения его ханом. Птица счастья опустилась на его голову и
в жертву был принесен белый верблюд».
Əрине, сөзбе-сөз аудару «ақ түйенің қарны жарылды» тіркестің
мағынасын жəне аударма мəтінінің мəдени коннотациясын бұрмалайды.
Осындай маңызды тарихи-мəдени ақпараттың сəтсіз аударылуы
аудармашының фондық білімінің жоқтығына дəлел.
Достарыңызбен бөлісу: |