18
жасаған құнды зерттеу еңбектердің қосылуына түрткі болды. Соның
нəтижесінде фразеологизмдердің аталған үшінші түріне төртінші етіп,
Н.М. Шанский
фразеоло
гиялық сөйлемше
деген түрін қосады. [Лек-
сика и фразеология современного русского языка М.,1957, с. 121]
Фразеологияның жеке лингвистикалық пəн болып қалыптасуы мен да-
муына В.В.Виноградовтан соң орыс тіл білімінің біраз тілші ғалымдары
ғылыми ой-пайымы жоғары, ізденіс салаларының өзектілігі терең əрі
жан-жақты өз зерттеулері арқылы үлес қосты. Мəселен, өткен ғасырдың
екінші жартысында В.А.Архангельский, В.П.Жуков. А.И.Молотков,
Н.Шанский, А.М.Бабкин т.б. ал соңғы ширегінде А.М.Мелерович,
В.М.Мокиенко, В.Н.Телия, Н.Ф.Алефиренко т.б. еңбектерінің нəтижесі
тек орыс фразеологиясының теориясы мен практикасына ғана пайдалы
болған жоқ, басқа да тілдердің фразеологиясына алдымен оның ғылым
ретінде қалыптасуына жəне пəн ретінде жеке сала болып зерттелуіне игі
əсері болды. Ал орыс фразеологиясының соңғы ғылыми бағыттары ұлт
мəдениетіне тікелей қатысты бірнеше ғылым тоғысында орындалатын
жаңа зерттеулерді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: