Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет31/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

Қазақ фразеологиясының 
ғылыми
 
пəн ретінде қалыптасуы мен да-
муы алдымен ұлт тілінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Қазақ тілі 
аса көркем поэтикалық бейнелілігі жəне синонимдердің молдығымен 
назар аудартады. Қазақ халқының дəстүрлі шешендік сөз өнерінің алтын 
тұғыры болған мақал-мəтелдер мен тұрақты тіркестер, бейнелі тұрақты 
метафоралар қай кезде болмасын басқа жұртты таң қалдырған.
В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» (СПб.,1899), 
Л.Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» 
(СПб.,1869) еңбектерінде қазақ тілінен жиналған мақал-мəтелдер мен 
тұрақты тіркестер тобы кездеседі. 
Фразеологизмдер сөйлеу жəне жазба тілде бағалауыштық қызметімен 
ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан ай-
тушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана 
құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына əсер ету мүмкіндігіне ие болатын 
бірліктер ретінде танылады. 
Фразеологизмдердің мұндай ерекше қасиетіне қазақ тіл білімінде 
І.Кеңесбаев назар аударған. Алғаш рет «Қазақ тілінің идиомдары мен 
фразалары». (Халық мұғалімі, 1946, №1-2, 39-42 б., №3-4, 42-50 б. 
жəне орыс тілінде жарық көрген «О некоторых фразеологизмах в 


19
казахском языке») – Изв. АН. Каз.ССР, №135, сер. филолог. и искусство-
вед., вып.1-2, Алма-Ата, 1954, с. 6-27) деген мақалаларынан басталған 
ғылыми зерттеулер қазақ фразеологиясының бастапқы теориялық 
діңгектері деуге болады. 
І.Кеңесбаев мақалаларынан кейін жарық көрген басқа да зерттеулер 
– қазақ фразеологиясының теориялық жəне қолданбалы жақтарына 
өзіндік үлес қосқан еңбектер. 
Фразеологизмдердің зерттелу тарихын хронологиялық тəртіппен 
жүйелесек, онда 70-жылдарға дейін де қазақ тіл білімінде фразеоло-
гизмдер жекелеген ғылыми ізденістердің зерттеу нысаны болды. Мəселен, 
көркем əдебиеттегі фразеологимздер (Х.Қожахметованың «Ғ.Мұстафин 
шығармаларындағы фразеологиялық оралымдар» деген кандидаттық дис-
сертациясы. Алматы, 1967), аудармадағы фразеологиялық құбылыс тура-
лы (Ө.Айтбаевтың «М.Горький шығармаларындағы фразеологизмдердің 
қазақ тілінде берілу жолдары» – кандидаттық диссертациясы. Алматы, 
1971). ғылыми ізденістерді атауға болады.
Фразеологиялық мысалдарды жинау – таза шығармашылық еңбек. 
Бір есептен бұл тура ауыз əдебиетінің үлгілерін жинаумен бара бар. 
Тұрақты тіркес мысалдарын ауызекі сөйлеу тілінен, көркем əдебиеттен 
жинауға сандаған жылдар кетеді. Мұның нəтижесі – түркітануда алғаш 
рет 1977 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан І.Кеңесбаевтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет