Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен



Pdf көрінісі
бет103/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың пайдасы мен
қауіпті тұстары
Қазіргі кезде тек қана екі генетикалық модификацияланған жануарлар
адамдардың тағамдық қолданылуы үшін шығарылған. Оның біреуі Aqua Bounty
Technologies компаниясы шығарған трансгенді бекіре балығы. Бұл балықта чинук
бекіресі деп аталатын түрдің өсу гормонының гені, промотермен қосылыстырылған.
Мұнда промотер генді транскрипциялау үшін қажет болған. Табиғи туысымен
салыстырғанда, трансгенді бекіреде өсу гормоны жыл бойына бөлініп отырылуы
себепті, бұл балықтың жедел өсуі қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде бұл белгіні басқа
балық түрлерінде де қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде.
Экологтар тарапынан, мұндай балықтардың табиғи айналымға түсіп кетуі
салдарынан, жабайы формаларды ығыстырып шығаруы мүмкін деген қауіптер
айтылуда. Бұл күмəннің де қуіпі бары шындық, өйткені фермаларда қолдан
өсірілетін балықтардың өзен-көлдерге ауып кету жағдайлары жиі кездеседі.
Ауылшаруашылық малдары ішіндегі екінші трансгенді хайуан, Онтарио
штатында орналасқан Гуэльф университеті (Universitu of Guelph) ғалымдары
шығарған Enviropig шошқасы болып табылады. Бұл доңызға сілекей бездері
жасушаларында экспрессия жасалынатын, фитаза гені ендірілген болатын. Фитаза
шошқа азығы құрамындағы фосфаттарды ыдыратуы нəтижесінде, оның нəжісіндегі
мөлшерінің азаятыны анықталған. Осындай трансгенді шошқалар санын көбейту
арқылы, шошқа фермаларының қоршаған ортаға тигізер зиянды əсерін азайтуға
болады.
Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан, ауылшаруашылық малдарынан алынатын
тағамдар құндылығын биоинженериялық əдістерді қолдану арқылы арттыру
мəселесі бойынша маңызы зор тəжірибелік жұмыстары өз жалғастарын табуда.
Мұндай мəселелердің қатарында сиыр, қойлар мен тауық сияқты үй жануарларының
қайсібір ауруларға төзімділігін арттыру бағытындағы жұмысты айтуға болады.
Мысалы, ViaGen компаниясы ағзасында көптеген ауруларға қарсы тұратын қабілеті
бар су шаянын (креветка) тауып, мұндай гені бар дараларын іріктеп алған. Сөйтіп,
осындай төзімді су шаяндары популяцияларын өсіру, осы бизнеспен айналысатын
компаниялар үшін өте үлкен пайда келтіреді деп есептелінуде. Миннесота
университетінің (АҚШ) ғалымдары күрке тауықтардың төсін дамытуға əсер ететін
жəне салмонелла ауруының қоздырғыштарына төзімді келетін гендерді зерттеуде.
Адамдардың өз ата-тектерін білгісі келетіні сияқты, фермерлер де
малдарының шығу тегін биотехнологиялық əдістер арқылы нақты анықтауды
қалайды. Мысалы, сиырдың Angus тұқымына жататынын анықтау өте қиын жəне
дəлелсіз деп есептелінетін. Жоғарыда аталған ViaGen компаниясы болса, осы
малдың бұқасының қаны немесе ұлпа сынамасы арқылы, зерттелетін малда Angus
генінің нақты пайыз мөлшерін анықтап беретін генетикалық тест əдісін ойлап
тапқан.
Көптеген компаниялар ауылшаруашылық малдарының тез өсетін тұқымдарын
шығару, немесе оның қарқындылығын əртүрлі дəрмектер қолдану арқылы арттыру
бағытында зерттеулер жүргізуде. Жұртшылықтың назарын өзіне аударған осындай
технологиялардың бірі – ірі қара малының өсу қарқындылығы мен сиырдан


151
алынатын сүт көлемін арттыруға əсер ететін, бұқаның өсу гормонын (Bovine Growth
Hormone, немесе қысқартылған түрде BGH) пайдалану болатын. Бірақ та мұны
практикада қолдану нəтижесі, сиырлардың мастит кеселімен ауру мүмкіндігіне алып
келуі себепті, оларға антиденелер қолдануға мəжбүр етті, ал ол өз кезегінде сүт
сапасына əсер етуі мүмкін деген күдіктер туғызған. Бұдан басқа кемшіліктер
қатарына, ағза құрамында өсу гормонының көп болуы, сиыр жасының қысқаруы
мен кейбір малдардың жарақатқа төзімділігін төмендететіні анықталған.
Келесі 9-кестеде кейбір биотехнология жетістіктерін ауылшаруашылығында
қолданудың пайдасы мен қауіп туғызатын тұстары қысқаша келтіріледі.
9-кесте. Биотехнологияны ауылшаруашылығында қолданудың пайдасы мен
қауіпті тұстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет