Фолликулярлық фаза
– фолликулалардың өсіп-дамуын қамтамасыз ететін,
ФСГ гормонының (фолликула стимульдеуші гормоны) белсенді қызмет ететін
кезеңі.
Фотолиз
– жарық
энергиясының
көмегімен
жасыл
өсімдіктер
хлоропластарындағы сутегі молекуласының ыдырауы.
Фотореактивация
– ультракүлгін сəулемен сəулеленген жасушалардың өмір
сүру қабілетінің жарықтың əсерінен қайта қалпына келуі.
Фюзоген
( ағ. fusion - қосылу) – протопластардың қосылуына ықпал ететін зат
(полиэтиленгликоль).
Х
Хайуандарды операцияға дайындау
– операциядан кейінгі оңалу
мүмкіндіктерін неғұрлым арттыру мақсатында жүргізілетін дайындық жұмыстары.
Хайуандардың жыныстық жетілуі
– еркек малдың ұрықтандыру, ал ұрғашы
малдардың ұрықтануға қабілеттілігі, яғни хайуандардың жыныстық жағынан
жетілген мерзімдері.
Химерлер
– бірнеше хайуандар эмбриондарының бластомерлері ағзасына
ендірілген жануарлар.
Хромосома
(chroma – түс, бояу, soma - дене) – жасуша мен вирустың гендер
жиынтығынан тұратын тұқым қуалаушылық материалы. Өзін-өзі құра алады,
құрылымдық жəне қызметтік дербестігі бар. Негізін ақуыздар мен (гистондар, т.б.)
қосылып нуклеопротеид түзетін үзіліссіз екі тізбекті ДНҚ молекуласы құрайды.
269
Достарыңызбен бөлісу: |