103
дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар білім алушының
психофизиологиялық ерекшелігін ескере отырып,
жеңілден қиынға қарай
күрделенеді.
Тарихи білім беруде білім алушылардың оқиғалардың себеп-салдарлық
байланыстарын анықтауына дұрыс бағыт беру ұсынылады. Берілген тарихи
түсініктер бойынша тапсырмалар білім алушылардың
тарапынан себеп пен
салдарды анықтау, бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу
(мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі себептер арасында өзара
байланысты анықтауға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылуықажет.
Бірақ
әрдайым білім алушының ерекшелігі ескеріліп отыруы тиіс.
Білім алушыларды белгілі бір тарихи оқиғалардың/ құбылыстардың/
үдерістердің маңыздылығын анықтай білуге үйрету қажет. Мұғалімнің білім
алушыларға маңыздылық сөзінде қандай мағына жатқандығын түсіндіру және
кез-келген тарихи оқиғаның маңыздылығын анықтау үшін нақты
өлшемдердіберу ұсынылады.
Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары:
•
тапсырманың мақсаты мен орындалуыныңқолжетімділігі;
•
саралауға негізделуі;
•
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндіктуғызуы;
•
проблемалық оқытуғанегізделуі;
•
бағалау мүмкіндіктерінің барболуы ұсынылады.
Пән
бойынша
үйден
оқытуды
ұйымдастырудың
маңызды
құраушыларының бірі білім алушының өздік жұмысы болып табылады. Ол
мұғалімнің жетекшілігімен және мүмкін болған жағдайда қашықтықтан оқыту
технологиясы арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: