61
түрлерінен май алу үшін оларды сүйекуатқыш машинада уатады. Желатин
және желім өндіруге арналған уатқыш сүйектің размері 50 мм кем болмау
керек, азықтық ұн шығару үшін 18-20мм кем болмау керек.
Май шыжғыру.
Жұмсақ және қатты май шикізатынан майды шығару
үшін шыжғыру, экстрация, гидромеханикалық, электроимпульсті және
вибрациялы әдістерді қолданады. Кең тараған әдіс шыжғыру болып
табылады.
Шыжғыру.
Бұл процесс ұнтақталған шикізаттан қыздыру арқылы май
шығару. Қыздыру құрамында майы бар ұлпалардың структуралы
элементтердінің бұзылуына әкеледі. Майды құрғақ және ылғал әдіспен
шыжғырады. Ылғал әдіспен шыжғырған кезде май шикізаты сумен немесе
өткір бумен байланыста болады. Құғақ әдіспен май шикізатын байланысқан
беткі қабаты ( бу көйлегі) арқылы қыздырылады.
Экстракция.
Май шикізатынан майды ұшқыш еріткіштер арқылы
бөлу. Осы әдісті қолданған кезде шикізаттан май толық бөлініп шығады.
Бірақ бұл әдісті қолдану үшін қымбат тұратын және жарылғыш еріткіштер
қолданылатын күрделі аппараттар қажет. Ет өнеркәсібінде бұл әдісті сұйекті
майсыздандыру үшін кілей және желатин өндірісінде қолданылады. Май
шығарудың гидромеханикалық әдісі өңделетін шикізаттың суда немесе басқа
сұйық ортада және машинаның жұмыс істейтін органының қозғалу кезінде
пайда болатын қуатты гидравликалық соққыны және кавитациялы
жылдамдықтағы импульсті қолдануға негізделген. Су қысымының және
жоғары май жасушаларын ұстап тұратын байланыс бұзылады.сүйектен
майды шығару үшін және оны ары қарай желім және желатин өндірісінде
қолдану үшін импульстік әдісті қолданған лайықты. Себебі
майсыздандырылған сүйектегі ақуыздық заттар өзінің алғашқы қасиетін
сақтайды.
Сүйекті
майсыздандыратын
электраимпульстік
әдіс
конденсатордың электрлі разрядтары кезінде түзілетін гидравликалық
импульстерінің
шикізатқа
әсер
етуімен
бекітіледі.
Сүйекті
майсыздандыратын электроимпульстік қондырғыға арналған төменгі
кернеудегі ток (127-220В) конденсаторда жиналатын және бір уақытта разряд
түріне берілетін жоғарғы кернеудегі (50-90кВ және одан да көп) токқа
айналады. Сонымен қатар электр энергиясы жарылу энергиясына айналады
және сұйықта импульстің пайда болу нәтижесінде сүйектен май шығады.
Сүйектің және судың ара қатнасы 1: ( 2÷4).алынған сүйек майы жоғарғы
сапалы сипаттамасымен ажыратылады. ВНИКИМП өңделген сүйектен
майды шығаратын вибрациялық әдіс температурасы ыстық суы бар
вибрацияның және механикалық араластырудың бір уақытта сүйекке әсер
етуімен бекітіледі. Бұл әдіс сүйекті майсыздандыру процессін күшейтуге
және жоғары сапалы май алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: