3-КҮн оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық Әдіс-тәсілдер



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата08.02.2022
өлшемі312,43 Kb.
#117712
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
3.2-дәріс



3-КҮН 
 
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 
 
3.2-ДӘРІС.
 
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ. 
Слайд 
Мәтін 

Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдануға негізделген ақпараттық процестер 
өркениеттің дамуының негізгі белгілерінің бірі болып табылады. 
Қоғамды ақпараттандыру үдерісі білім берудің сипаты мен 
мазмұнын өзгерту қажеттілігін тудырып білім беру жүйесіне әсер 
етеді.

АКТ-ны пайдаланудың негізгі мақсаттары 
1) оқушылардың функционалдық сауаттылығын, негізгі оқу 
дағдыларын қалыптастыру, бейінді және бейіналды даярлықпен 
қамтамасыз ету; 
2) АКТ артықшылықтарын жүзеге асыру арқылы білім, білік 
және дағдыларды меңгеру сапасын арттыру, танымдық қызметті 
белсенді қылу мақсатында ынталандыру, ақпаратты өңдеудің 
заманауи 
құралдарын 
пайдалану 
негізінде 
пәнаралық 
байланыстарды тереңдету; 
3) білімділіктің жоғары көрінісі деп танылатын және жеке 
адамның қасиеттері мен кәсіби біліктілігінен тұратын жалпы 
мәдениет құраушылардың бірі ретінде ақпараттық мәдениеттің 
қалыптасуы; 
4) оқыту процесінде оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру, 
белгілі бір бағыт бойынша оқушылардың қабілеттерін дамыту; 
5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану 
арқылы оқушыларды өз бетінше оқу-танымдық қызметке даярлау
6) 
оқушы 
тұлғасын 
дамыту, 
оның 
шығармашылық 
мүмкіндіктерін, зерттеу ісіндегі шеберлігін ашу; 
7) аппараттық құралдар, бағдарламалық жүйелер, сондай-ақ, 
заманауи технологиялық шешімдер негізінде жүзеге асатын және 
ақпараттық сұраныстармен қамтамасыз етуге арналған мазмұндық 
толықтырулар, оқушылардың қызметіне байланысты және де оларға 
қажет оперативті қарым-қатынас үшін ақпараттық ағындарды 
ұйымдастыру ретінде біртұтас ақпараттық орта құру. 

Жоғары компьютерлік технологиялар ғасыры заманауи 
мұғалімдерге жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі, заман 
талаптарын ескере отырып, жастарды қазіргі қоғамға даярлаудағы 
өзіндік тәсілдерін оперативті түрде өзгертіп отыруы тиіс. Түпкі 


мақсаты технологияларды пайдалану емес, оқушыларды оқытуда 
ойлау мен дербестікті қолдау және ынталандыру мақсатында сынып 
пен мектеп мәдениетін өзгерту. Сынып мәдениеті өзгерместен 
тұрып қалмай заман талабына бейімделіп дамуына, мұғалімдердің 
үнемі ізденісте болып кәсіби біліктілігін арттырып дамуына қол 
жеткізу керек. 
Мұғалім ақпаратпен жұмыс жасаудың ұтымды тәсілдерін 
меңгеруі қажет. Сабақтарда қолданылатын АКТ-ға негізделген оқу 
стратегиялары оқушыларға икемді болуды және инновациялық 
ойлауды үйретуде, тиімді бірлескен жұмыс жасауда, оңтайлы, 
құнды пайымдаулар жасау шеберлігіне көмек көрсетуі тиіс. 
Компьютерлік технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіби 
мәдениетінің элементіне айналуы тиіс. Мұғалімге өз пәнінің оқыту 
әдістемесін жетілдіру үшін АКТ-ны қолдануды үйрену маңызды.
Мұғалім АКТ-ны (интерактивті тақта, электронды оқулықтар 
мен 
құралдар, 
электрондық, 
жаттығулар 
және 
тестілеу 
бағдарламалары, 
симуляторы, 
виртуалды 
лабораториялар, 
интерактивті сабақтар, Интернет желісінің білім беру ресурстары, 
бейне және аудиотехника, интерактивті сабақтар, конференциялар, 
қашықтықтан оқыту сервистері) пайдалану оқушыларды белсенді 
жұмысқа тартуға мүмкіндік беріп, ақпаратты қабылдауын, зейінін 
жетілдіріп, материалды түсіну мен есте сақтауын жақсартатынын, 
орындалған әрекеттердің нәтижесінің көрінісін көрсетіп, қызықты 
зерттеу жұмыстарын, жобаларды жасауға мүмкіндік беретінін білуі 
тиіс. 

АКТ пайдаланып өтетін сабаққа дайындық кезінде мұғалім 
сабақ жоспарын оның мақсаттарын негізге ала отырып құрауы 
қажет екенін ұмытпауы тиіс, оқу материалын іріктеу кезінде негізгі 
дидактикалық принциптерді сақтау керек: жүйелілік пен бірізділік, 
қолжетімділік, саралау тәсілі, ғылымилық және т. б. Компьютер 
мұғалімді алмастырмайды, тек қосымша қызмет атқаратыны да 
түсінікті. 
Осындай сабаққа тән белгілер: 
1. 
Бейімделу 
принципі: 
компьютерді 
баланың 
жеке 
ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет. 
2. Басқару: кез келген уақытта мұғалім оқыту үдерісіне 
түзетулер енгізуі мүмкін. 
3. Интерактивтілік және оқытудың диалогтік сипаты. АКТ-ның 
оқушы мен мұғалімнің әрекетіне жауап беру, олармен диалогқа 
«түсу» қабілеті бар, бұлар компьютерлік оқыту әдістемелерінің 
басты ерекшелігін құрайды. 
4. Жеке және топтық жұмыстың ұтымды үйлесімі.
5. Оқушының компьютермен қатынасы кезінде психологиялық 
жайлылықпен қамтамасыз ету. 
6. Шектелмеген оқыту: білім мазмұны, оның интерпретациясы 
және оны қолдану көлемі өте үлкен. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет