Өзіңізден сұраңыз: 1.
Мен осы онлайн оқыту кезеңінде 100% болуы міндетті емес
кез келген бағаны алып тастай аламын ба?
2.
Мен өз оқушыларыма оқу нәтижелерін көрсетуге қалай
көмектесе аламын?
Келесі кезекте, қашықтықтан орындау үшін оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларды қарастырайық. Олар: 1.
Оқылған материал бойынша ойланып, дәлелденген пікір
айту. Білім алушылардан өз жауаптарының дәлелі ретінде онлайн
дереккөздерден оқиға немесе осыған ұқсас оқиғаны сипаттауды
және олардың сілтемесімен бөлісуді сұраңыз.
2.
Олар өз жобасы бойынша бейне жазылым жасауын немесе
таныстырылымдар (дәрістер) жазып, олармен бөлісіп, бір-бірін
бағалауды ұсыныңыз.
3.
Өздеріне ыңғайлы форматта немесе Google-дан көпшілікке
қолжетімді құжаттарды пайдалану арқылы қысқа презентация
дайындау.
4.
Жеке жоба (зерттеу) жүргізу, ол бойынша есеп беру.
5.
Өз оқу процесіне, жетістіктері мен дағдылары бойынша
рефлексия жасау.
15