М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет17/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
15 
мәдениеттің қайнар көзі ретінде ғана аудартып қана қойған жоқ, 
бірінші кезекте қала сауда мен құндылықтармен алмасу орны бол-
ғандықтан, сәйкесінше пайда көзінің орны да еді. 
Келесі
 
тарихи
 
кезең
– «Жетінші кезең
– XI ғасыр Түркістаннан 
тараған аса қуатты рухани сәулемен нұрланған. Түркілердің тұңғыш 
сопысы – Қожа Ахмет Йассауи 1093 жылы туған. Ол негізін қала-
ған исламның тылсым құпиясы – сопылықтың (суфизм) қарапайым 
халықтық нұсқасы тез уақытта Қазақстанның солтүстігі мен 
шығысына дейін тарады. Қожа Ахмет Йассауи Орталық Азиядағы 
оның ішівде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарына ұлттық ру-
хани ілім жүйесін өрнектеп берді.
Түркі халықтарына исламды тарату ісінің басы ғана емес, соны-
мен бірге Тәңірге табынушылық пен ислам мәдениеттерінің өзара 
ықпал ету үрдісі де Қожа Ахмет Йассауи есімімен байланысты. 
Ортағасырлық Қазақстандағы ислам мәдениетінің негізгі ислам дог-
маларына онша сәйкеспейтін өзіндік ерекшеліктері бар. Ол кездегі 
түркі тілдес қоғамдағы қадір-қасиет жүйесінің (менталитетінің) 
барлық деңгейлеріне де Йассауи сопылығының ықпалы мықтап 
сіңген болатын.
Түркілердің өмірлік, практикалық философиясын құраған сан-
дар ретінде Йассауинамада тәңірішілдік элементтері өздерінің 
мағынасын сақтап қалды. Нақ осы Йассауи ілімі арқылы ислам 
қазақтардың рухани өмір салтына айналды да, кейінгі сегіз ғасыр-
дың өн бойыңда соларды жебеп келді. Қазақ хандығы мен қазақ 
халқы құрылғанда, солардың бастау бұлағында осы ілім тұрды.
Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет 
Йассауидың хикметтері («Даналық сөздері») сөзсіз оның бір бөлігі 
болып кіруге тиіс. Йассауидың ұстазы Арыстанбабтың Отырарда-
ғы кесенесі мен Қожа Ахмет Йассауидің Түркістандағы кесенелері 
— қазақтардың ұлттық руханиятының аса маңызды орталықтары. 
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қазақ мемлекеттігінің нысанына айна-
лып, кейінгі уақытта жалпыұлттық зиярат-қорым (пантеон) қызме-
тін атқарды. Қазақ халқының ұлы перзенттерінің мүрделері осы 
жерде сақтаулы. Сондықтан, осынау тамаша ескерткішті қалпына 
келтіріп, бас біріктірер ортақ кіндікке бүкіл ұлттың назарын ауда-
рып отырғанымыз дұрыс» [1, 274–275 бб.].
Әрі қарай түркі тарихының күрделі тарихи кезеңі басталады
– 
«Сегізінші кезең
– XII–XIV ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті 
Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталды. Бұл жойқын күші бар 
сойқанды толқын еді. Қазақ халқын алғаш рет боданға айналдыр-
ған бұл толқын оның тарихи тұлғасын мылжалап, рухын бұзып, 


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет