М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет18/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына көп-көп кедергі келтірді. 
Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы 
аңыз бойынша ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп 
атасы болды.
Барлық қазақтардың басын бір халыққа біріктірген Майқы 
би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды, онда 
мұсылмандыққа дейінгі және мұсылмандықтан кейінгі сенім-на-
нымдар табиғи бірігіп-кірігіп кетті.
Ел аузындағы аңыздың айтуынша, халықтың санасына сәуле 
түсірген «нұртаңбасын» – қазақ үш жүзінің бас таңбаларын тасқа 
қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны – Ту, арғындардың 
нысаны – Көз, алшындардың нысаны – Найза содан қалса керек.
Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дәл сол тұста 
тұжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүздің жауынгерлік ұраны: 
Ұлы жүздікі – Бақтияр – бақыт; Орта жүздікі – Ақ жол – әділет; Кіші 
жүздікі – Алшын – От-ана. Осы үш ұран тұтас бір халық ретіндегі 
барлық қазақтардың ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен.
Дәл осы кезеңде халықтың өзі төртінші империя – Шыңғыс 
әулетінің бұғауына іліккен. Халық руханияты сол заманның ең бір 
қуатты империялық идеологиясы мен сенім-нанымның жиынтығы 
– шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғысшылдық ақырына 
дейін түсінілмей қалған жаңа бір дін болып енді. Өйткені бұл тежеу 
білмес тегеуірінді қара күш пен тентек мінезді дөрекі қайсарлық 
қана емес, Шыңғыс әулетінің ұлы империясының ұстынына тірек, 
ұсқынына көрік болған рухтың революциясы еді.
Ол уақытқа дейін үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, 
оғызшылдығы, ұрандары (жүздік және жалпы Алаш), олардың 
бұрынғы шежіресі жаңа шежіренамаға тарихи тамырласа кірігіп 
кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп қалды.
Осы кезден бастап іс жүзінде түркілерге тегі басқа ақсүйектер-
дің екі тармағы – төрелер мен қожалар – түркілердің ру-тайпалық 
ақсүйектерінен биіктеу мәртебе алды да, оларды саяси және руха-
ни биліктен ада қылды. Төрелер Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал 
қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани билік-
тің иелері болып саналады. Сөйте тұра, уақыт өте келе, бұл екі 
тармақ өкілдерінің өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың 
әдет-ғұрпын, дәстүрін, ақыл-ой ерекшеліктерін қабылдай, қазақ 
халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті.
Будданың империялық рухындағы монғолдардың Шыңғыс 
әулеттерінен тараған жазба ескерткіштері, мәселен, «Асыл дастан» 
(«Сокровенное сказание») немесе «Монғолдардың құпия тари-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет