Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері 13
ге бағынуға шақырады, себебі қаған Тәңір қолдауына ие. Осылай-
ша қаған Тәңірдің қолдауымен ел басқара отырып, түркілердің
гүлденуіне барын салады, есесіне тек жаппай бағынуды талап етеді,
бұл көшпенділердің әскери демократиясына тән. Білге каған: «Егер
сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз Отаныңнан жы-
рақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің
от басыңда еш нәрседен мұқтаждық көрмейсің…». Бұл сөздер
ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік қатынастары мен идеологиясын
неғұрлым айқын сипаттайды.
Түркі өркениеті қыпшақ, кейіннен қазақ өркениетінің қалып-
тасуының негізін қалаушы түйініне айналды. Корей шығанағынан
Каспийге дейінгі және Гоби шөлінен Байқалға дейін созылып жатқан
мемлекетті құра білген түркілер өзге мәдени әлемге деген төзімділігі
мен ашықтығын қажет деңгейде көрсете білді. Әлі күнге дейін
сақталып келген көптеген қалалар мен қоныс мекендерінің (Тараз,
Түркістан) негізін қалаған түркілер түркі қоныстарының ареалы-
нан тыс мекендердегі теңдесі жоқ, әлемге материалды және рухани
мәдениеттің жәдігерлерін сыйлаған Орталық Азиядағы түркілердің
отырықшы мәдениетінің бастауына жол ашты.
Отырықшы, жартылай отырықшы және көшпенді үлгілердің
басын біріктірген түркілер мәдениетінің негізінде көшпенділердің
мәдени-дүниетанымдық философиясы жатыр. Мысал ретінде,
Қорқыт жайлы аңызды алсақ болады. Аңыз мазмұнының өзі оның
көшпенділерден тарағанын көрсетеді. Дүниені кезген Қорқыттың
аралаған жерлері жайлы айқын сипаттарды отырықшы адам бере ал-
мас еді. Ол үшін осыншама аймақтарды аралап, өз көзіңмен көрып,
басы-қасында жүру қажет, бұл тіпті қазіргі кездің өзінде де қиынға
соғып жатады. Сонымен қатар, өзі атасы саналатын қобыз құралы да
қызықты болып келеді.
Қобыздың үнін естіген кез-келген адам, аталмыш құралдың
тылсым, қырылдаған үні
қаланың тар бұрыштары немесе жабық
кеңістікпен емес, керісінше Дала желінің екпінімен, ұлан-ғайыр
Дала кеңістігімен, жусанның аңқыған иісі және еркін әуенмен
керемет үйлесетіндігімен келіседі. Кейіннен қобызды ата-баба
әруақтарымен байланыс орнату үшін көбіне көшпенді көріпкел-
баксылар қолда-на бастады. Алайды бұл құралды ешқашан
да көңіл көтеру үшін қолданған емес, қалың халық арасына ол
мәдениет жәдігері ретінде аса кең тарала қойған жоқ.
Қорқыт жайлы аңыздың өзі ерекше: мәңгілікті орнатып,
уақытты тоқтатуға қабылеті жеткен, өлімді жеңген әуен, адам-
ның жасампаздығы мен шығармашылығы. Түркілердің ұлы гума-