М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет13/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
11 
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІН ЗЕРТТЕУДІҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әл-Фарабиден Абайға дейінгі тарихи үдерісті кезеңдеудің 
жалпы сипаттамасы
Өмір сүру ортасы Еуразиялық құрлықтың ұлан-ғайыр ке-
ңістігіндегі мекен еткен ежелгі этностар өркениетінің мұрагері бо-
лып табылатын қазақтардың өркениеті бірегей сипаттамаға ие 
құбылыс. Ол бастапқыда жер және көшпенді шаруашылықтың 
бірігуі нәтижесінде қалыптасқан супертерриториалық гетерогенді 
қауымдастық бола отырып, Орталық Азиядағы үздіксіз мәдени-
аралық байланыстардың ықпалымен пайда болған еді. Қазақ 
өркениеті Шығыс пен Батыс арасындағы дәнекер бола отырып, 
өркениеттік ареалдың маңызды сипаттарына сәйкес келді, олар: 
белгілі бір экономикалық тәртіп, полигенездің ежелгі мемлекеттік 
формалары, мәдениеттің қалалық және көшпенді формаларының 
өзара ықпалдастығы болып табылады. Еуразияның кең даласында 
қалыптасқан өркениет өз бойына Шығысқа да, Батысқа да тән ерек-
шеліктерді сіңіріп, еуразиялық деген атауға ие болды. 
Оның шығу тарихы бірнеше ғасырды қамтыды, дегенмен, егер 
де Орталық Азия көшпенділер өркениетінің «мәдени транзиттілі-
гінің» айтарлықтай рөлі мен факторы ықпал етпегенде, бұл үдеріс 
неғұрлым ұзаққа созылар еді. Қазіргі қазақ халқының ата-бабасы 
еуразиялықтардың сауда және көші-қон жолдарының тоғысына ор-
наласа отырып (үнді-ирандықтар, ғұндар және т. б.) кең халықара-
лық байланысқа ие болды, сонымен қатар Қытай және Византия, 
Иран және Мысырмен байланыс орнатты.
Кезінде Геродоттың өзі алтын күзеткен сақтар жайлы атап 
өткен болатын және де Еуразияның бүкіл азиялық бөлігінде Дала 
атты әскері одақтық немесе жалданбалы мақсатта пайдаланғаны 
белгілі. Танымал ақын Олжас Сүлейменовтың поэмасында кеңі-
нен сипатталған Жерорта теңізі елдеріне сақтардың ата-баба-
сы жасаған ұлы жорығы жайлы да белгілі. Көшпенділер түрлі 
мәдениет өкілдерімен байланыса отырып, қазіргі қазақтардың 
болмысына тән мейірімділік пен мәдени толеранттылықты сіңіре 


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет