Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
К і р і с п е 9
мен жоғарғы адамгершілік ұстанымдарының негізінде қазақ ұлтын
рухани біріктіруге қабілетті жаңа және заманауи ижеяларды
қалыптастыру мүмкін.
Ұсынылған ұжымдық монография қазақ халқының рухани
өмірін парадигмалды зерделеуге бағытталған ғылыми зерттеу.
Этностың рухани өмірінің тарихын зерттеу – ұлттық өзіндік сананың
маңызды компоненттерін түсіну мен талқылауын қамтамасыз ететін
сұхбат кеңістігін құру арқылы жүзеге асатын қоғамдық санадағы оны
өзектендіру мен бейімдеудің ықпалды тәсілі болып табылады.
Әл-Фарабиден Абайға дейінгі дәуірді ойшылдарының фило-
софиялық идеяларын терең зерделеу және өзектендіру Шығыс пен
Батыс арасындағы сұхбатты толыққанды және сындарлы пайым-
дауға, тарихи үдеріс пен рухани мәдениеттің эволюциясындағы
тарихи сабақтастық мәселесін зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ
халқы мәдениетінің ғылыми сипаты оның дүниетанымының түп-
тамырларын философиялық тұрғыда талдамай толық және жан-
жақты болмайды, сонымен қатар діни руханилықтың тамырларын
талдаудан өткізбей толық мағлұматқа қол жеткізу мүмкін емес.
Қазақстанда әртүрлі діни конфессиялардың қатар өмір
сүруі, солардың ішінде басымдық танытатындары исламдық пен
христиандық, сонымен қатар әртүрлі философиялық-дүниета-
нымдық бағдарлар әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи және басқа
діни ойшылдардың философиялық мәселелерін өзектендіреді.
Олардың ислам руханилығы аясында пайда болған дүниетанымдық
жүйелері өте жоғары деңгейдегі талпыныстарды – қоғам мен адамды
жетілдіруді, мәдениеттер сұхбатын, ақиқатты іздеуді, мейрімділік
пен сұлулықты орнықтыруды философиялық тұрғыдан сипаттайды.
Тарихты тереңірек қайта шолуда, ежелгі түріктердің бастапқы
дүниетанымдық әмбебаптары, түркі тілдес халықтардың және
дәстүрлі қазақ қоғамының ХХ ғасырға дейінгі философиялық
дәстүрлері моральдық-этикалық бағытта болды. Этикалық тақырып
ертедегі барлық философтардың шығармашылық іс-әрекеттерінен
көрініс берді және олар сөзсіз өзінінің Шығыс ойшылдарының
дүниетанымдық жүйелерінде және бүкіл рухани әлемінде
маңыздылығын сезіндірді. Олар әл-Фарабидің шығармашылығында,
содан кейін Жүсіп Баласағұнның, Махмұд Қашқаридің, Ахмет
Иүгінекидің, Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығында, қазақ
билерінің, дәстүрлі қоғамның ақындары мен жырауларының,
кейінірек Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердиевтің және
Орталық Азия аймағының ойшылдарының ілімдерінде өз жалғасын
тапты.