Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін 10
Қазақ ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық жүйеле-
рі терең гуманистік сипатты және сондықтан ХХІ ғасырдағы жаңа
онтология тұрғысынан өзектелініп отыр. Осыған байланысты ол
ілімдердің түпнегізінде адам мәселесі, оның құндылықтық бағдар-
лары мен рухани ізденістері жатыр. Қазіргі қазақстандық қоғам өзінің
бастауларын іздеу барысында халықтың генетикалық жадына, оның
дамуының ұзақ тарихында қалыптасқан мәдени кодына сүйенеді.
Сондықтан ол үшін этностың рухани өмірінің антропологиялық
мәселелері ерекше маңызды. Түркілік және қазақ ойшылдары
үшін дәстүрлі түрде тіл, поэтикалық-философиялық тәсіл, рухани-
адамгершіліктік құндылықтар және этностық төзімділік идеясы мен
мәдениетаралық байланыстар үлкен маңызға ие болды. Бұл идеялар
бұрын да және қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени кеңістігінде
де өзекті болып қалып отыр.
Соңғы уақытта отандық тарихшылар, мәдениеттанушылар,
филологтар және философтар ұлт тарихын белсенді, көп қырлы
және жан-жақты зерделеуде. Осыған орай біздің еліміздің тарих-
шы ғалымдары тарих ғылымының және тұтастай алғанда гума-
нитарлық ғылымдардың даму логикасынан және қазіргі тәуелсіз
Қазақстанның рухани-саяси және ұлттық мүдделерінен туындайтын
жаңа әдіснамалық және құндылықтық-мағыналық бағдарлардың
маңыздылығын атап өтуде. Оқырманға ұсынылған ұжымдық мо-
нографияның авторлары осыларды жеткізуге талаптанды. Орын-
далу стилі мен зерделенген материалды ұсыну сипаты бойынша
бір-бірінен айырмашылығы болғанмен авторлардың мәтіндері
жалпы философиялық-дүниетанымдық негіздерден және зерттеудің
біртұтас базалық ғылыми тәсілдеріне сүйенгенін атап өтеміз.
Бұл ғылыми-зерттеу жұмысы еліміздің тұрақты және серпінді
дамуы аясында ұлттық тарихты тұтастай зерделеудің теориялық
негізін құруды қамтамасыз етеді және онда тарихи сананың дамуы
мен қалыптасуы Қазақстанның дамуының маңызды рухани ресурсы
және қазіргі әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудің маңызды ру-
хани факторы болып табылады.
Ұжымдық монография авторлары: Нұрмұратов С.Е. – кіріспе,
қорытынды, 1.2, 2.1; Нысанбаев Ә.Н. – 1.1, 2.1; Құрманғалиева Ғ.Қ. –
кіріспе, қорытынды, 1.2, 2.1, 4.1; Аюпов Н.Г. – 2.2; Әлжан Қ.Ұ. – 3.1;
Қалижанов У.Қ. – 3.2; Барлыбаева Г.Г. – 4.3, 4.4; Тайжанов А.Т. – 4.2.