Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі – Төле би, Қазыбек
би және Әйтеке би – Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғы» атты тари-
хи құжатты қабылдайды. Бұл киелі «жеті» санын нысан еткен киелі
парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақтың әдепкі құқығының
кодексі еді.
Осы кезеңнің аяғына таман Қазақ хандығы іс жүзінде бірнеше
дербес шағын мемлекеттерге шашырап кетті. Нәтижесінде бірыңғай
қазақ халқы-ның рухани және табиғи күштері бөлшектеніп, әлсіреп
қалды.
Бұлай бөлшектену халықтың дамуын едәуір тежеп, 2–3 ғасыр
өткенде оны заңды түрде апаттың алдына алып келді. Біздің жерді
айнала қаумалап, аңдып отырған отаршылдар бұл жағдайды қалт
еткізбей пайдаланды.
Шынында өзімізбен тамырлас жоңғарлардың 250 жылдық
шапқыншылығы басталды. Тарихи жағдайлардың ықпалымен
қандас екі халық бір-біріне жау болып алды да, ағайындар өзара
қырқысты. Тағы да сол үш би – Төле, Қазыбек және Әйтекенің
күш салуымен халық Бұланты өзенінің бойында қасақы жауға
қарсы шешуші ұрысқа жиналды. 1729 жылы Аңырақай даласында
қазақ халқының өмірі тәуекелге тігіліп, бұдан әрі болу-болмауы екі
талайға түскен тарихи шайқас болды. Біз күні бүгінге дейін осынау
ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ. Балаларымыз тұрмақ,
тіпті өзіміз де бұл сынды халқымыздың қаһармандық кезеңін, қазақ
халқының рухы аруақтанып, аспанға көтерілген тарихи жарқын сәтін
жете білмейміз» [1, 278–279 бб.].
Түркілердің дүниетанымы дала заңдылығынан өз көрінісін тап-
ты (таппауы да мүмкін емес еді). Кейбір авторлар дала заңдылығы-
ның тарихын Хаммурапи патшаның заңдарынан бастайды.
Түркілік көшпенділердің дәстүрлі құқығы ымырашылдық негі-
зінде құрылды. Беделді ақсақалдар, яғни билер соты – екі жақты да
тыңдап, үкім шығарып отырды. Егер де ақсақалдар даулы мәселені
шеше алмаған жағдайда екі жақ жоғары билікке жүгінді. Осылардың
ішінде ең ауыр жаза өлім жазасы емес, қуғын сүргінге ұшырап, өз
руыңнан шеттетілу болып саналды.
Ұлы Дала кеңістігіне ислам діні келген соң құқықтар өзгеріске
ұшырап, түзетулер енгізілді, көбіне хадис пен шариғатқа негізделе
бастады, бірақ жалпы мазмұны аса өзгертіле қойған жоқ. Қазақтар
мен олардың ата-бабалары үшін маңызды болған бірнеше көшпен-
ділер кодексі ғана бізге белгілі. Олардың қатарына, Шыңғыс ханның
«Ясасы», қыпшақ кодекстері, Қасым мен Хақназар ханның заңдар
жинағын жатқызуға болады. Сонымен қатар, бойында Еуразия дала-