М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет22/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
иерархиясын, саяси дәстүрін және олардың қазіргі Қазақстанның 
өміріндегі рөлін зерттеп, білу қажет.
Қазақ халқының әл Фараби дәуірінен Абайға дейінгі тарихи 
кезеңдері ХIХ ғасырда қазақ халқының тарихындағы ағартушылық 
дәуірінің қалыптасуымен аяқталады. Н.А. Назарбаевтың «Тарих 
толқынында» атты еңбегінде атап өтілгендей драмалық оқиғаларға 
толы 
«Оныншы кезең
– бұл ХVІІ–ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ 
халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды.
Менің жоғарыда айтқанымдай, бұл біздің жерімізге басып 
кірген жоң-ғарлармен соғыс еді. 1723–1727 жылдардағы «ақтабан 
шұбырындыдан» қазақ халқының өміршеңдігіне сын басталды. 
Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр,
Наурызбай батыр және солар сияқты ұлттың жауынгерлік рухын
танытатын жарқын тұлғалы жаубасар ерлер келіп қосылды.
Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір ба-
сында бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың та-
маша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай 
ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің 
бір алтын діңгегіне айналды.
Бұдан гөрі бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тау-
ып жатты. Оның ұйтқысы ұлттың рухани көсемдері – Төле, Қазыбек, 
Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға 
қарамастан, Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты тұтастырып біріктіру 
жолында еңбек етті.
Барлық кедергілерге қарамастан, бүкіл осы кезеңнің өн бойын-
да Халық рухы көзге көрінбейтін тынымсыз тыңғылықты жұмыс 
жүргізіп жатты. Ол жұмыс жас баланың тууынан, адамның өлімінен, 
ұлттық жай-күйлер мен билерден, мереке-тойлардан, қарапайым 
қазақтардың күнделікті өмірінен, қуанышы мен қайғысынан көрінді. 
Халық рухының эстафетасы дәстүрлі диқаншылық пен малшылықтың 
санада сақталған сиқырлы сырлары, арқы-лы бақсылардың халықтық 
ем-дом құпиялары түрінде ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Әрбір аймақтағы, әрбір ауылдағы едді қоныстың, ауылдың, 
таудың, өзеннің тарихын, сол жерлердегі әдет-ғұрыптарды қайта 
жаңғыртып жазып алса деген ойды мен бұрын да айтқанмын. Бала 
туғанда айтылатын сөз қандай? Жаназада қандай сөздер айтылады? 
Әрбір елді мекендердің тари-хына байланысты есте қалған қандай 
аңыздар бар? Олардың басқаша емес, дәл осылай аталуы неліктен?
Осының барлығы жиналып келгенде, біздің тарихи зердеміз бо-
лып шығады. Халықтың тарихы дегеніміз осы ғой, қағаз бетіне бір 
түсіп қалса, ол ешуақытта ізін жоғалтпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет