Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін көтерілістер мен бой көрсетулердің, басқындық пен бейтараптық-
тың және ақырында, үнсіз қар-сылық пен тұншыққан өшпенділік-
тің ұзақ сонар сорабы әбден заңдылық болып табылады.
Содан кейін жеке адамдардың болашақты, өмірдің өктем талап-
тарын көрегендікпен көріп, ұғынар мезгілі туады.
Бірақ сонымен бірге ол адамдар кейбір ымыраға бара оты-
рып, басты нәрсені – халықтың тұтастығын, оның ғасырлар бойы
қалыптасқан ішкі құндылықтарын жоғалтып алмау үшін қандай
жолды тандау қажеттігін түсінетін болады.
Өз даналығының күшімен табатын аяқ алысын аңғарып, барар
бағытын бағалай білетін сондай адамдар табылуға тиіс еді. Олар
жеке өз бастарының шығармашылық тағдырымен екі мәдениеттің
басын қосуға тиіс еді. Олардың шығармашылығының өзі жеке
адамның санасындағы тұйықталған драма немесе шалқыған па-
тетика емес, мәдениеттердің, өркениеттердің бір-біріне өзара
ауысуының тарихи сәтті сағаты болып табылмақ және ол сәт
жаңағы ауыс-түйіс өмірдің өзінен өріс тауып, кеңінен қанат жаю-
ынан бұрын болмақ керек.
Кереғар екі түрлі жосығы және сонымен қатар, екі түрлі
құндылықтары бар екі дүниенің текетірес қарсыласуының емес,
өзара түсінісуінің қисыны ретіндегі жаңа қисынның бастау
бұлақтарын осындай адамдар тудырады. Олар өздерінің кедергі
атаулыны бұзып-жарған ғаламат шығармашылық тегеурінімен
жаңа, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары бейнелер, мағыналар мен
құндылықтар қалыптастырады.
Ол кездегі қазақ санасындағы дүниенің суреті айналасындағы
еуропалық (ол замандағы берілетіні орыс мәдениеті болатын)
және шығыстық (түркі-мұсылмандық – Орта Азия хандықтары)
ұғымдардан едәуір өзгеше болатын. Маңайындағы бұрынғы көш-
пелі дүние де қалмаған. Евразияның байтақ кеңістігіндегі көшпелі
өркениеттің үлкен де болса жалғыз құрылығы болып қазақтардың
өздері ғана қалған. Сондықтан ол отарлық жағдайда өзінің бұрынғы
ұзақ тарихының қай кезеңінен болса да шұғыл түрде, тез ыдырай ба-
стады.
Даналар өздерінің Аллаға тән алып жұмысын халқының
болашаққа қарай аяқ алысында кедергі келтіріп, тұсау болатын
ұлттық ұғым-түсініктердің түпкі негіздерін сынаудан бастай-
ды. Абай қазақ руханиятының бұрынғы шеңберлер шегінде дами
алмайтындығын терең түсінді: егер ол руханият бұрын қазақ
халқының өткенге қарай орайласқан өзіндік ой толғақтары түрінде
көрінсе, енді Абай проблеманың өзін кері бұрып, ілгері қаратты –