Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері 21
Сөйтіп, XIX ғасырдың ортасында ұлттың рухани өмірінде бұ-
рын білін-беген, жаңа бір нышандар пайда бола бастады. Қазақ
руханиятының өзін-өзі туындатқан осынау күнделікті тыныс-тірші-
лігі ауық-ауық өзінің тұтастығын, өзінің дүниетанымы мен ұлттық
дүние бейнесін қару алып, қорғау қажеттігімен алмасып отырады.
Мұның өзі көбінесе рухани талаптан гөрі саяси себептерге негізде-
леді. Мәселен, Сырым Датов, Кенесары Қасымов және басқалар
бастаған көтерілістер қазақтың ұлттық рухын орнықтыруға, ортақ
жау – Ресей патшалығына қарсы күресте қазақтардың барлық кү-
шін біріктіруге талпынған әрекеттер еді.
Қазақ халқы келесі, бесінші империяның – Ресейдің құша-
ғына тап болды. Бұл жолы тағы да ішкі алауыздықтан, бірліктің
жоқтығынан, қазақ жерінің ұсақ хандықтарға бөлініп кеткендігі-
нен барлық талпыныс жеңіліске ұшырады. Өйткені сыртқы шап-
қыншылықты тойтару, сыртқы жауға қарсы тұру мүмкіндігі
әрқашанда ішкі күшке негізделеді, керісінше болмайды.
Міне, сондықтан да Абай өзінің қара сөздерінде қазақтарға
дүниені түзету ісін өзгеден емес, өздерінен бастау керек деген кеңес
берді.
Бұл кезеңнің соңына, ұлттың рухын өзін-өзі бүліншілікте емес,
бүтін-дікте, жасампаздықта көрсету талабы ретінде екі бірдей руха-
ни жұлдыз – Шоқан мен Абай жарқ етіп көрінді.
Абылай ханның тікелей ұрпағы – Шоқан Уәлихановтың
бойыңда ата-бабаларынан мұра боп қалған аса мол рухани
күш-қуат бар еді. Оның осы қасиетті сезінуі харакетке толы
қысқа ғұмырынан айқын көрінеді. Сондықтан да ол, ең алды-
мен, қазақ рухының өте тереңде жатқан ежелгі түп тамырларын
– зороастризмді, шаманизмді, мұсылмандықты зерттейді. Қазақ
шамандығының тереңдегі зороастралық табиғатын ең бірінші бо-
лып анықтаған Шоқан болатын.
Қазақ руханияты дамуының Ресей отарлығы тұсындағы қай-
шылықты үрдісінің күрделі де қайғылы сипатын жуып-шаю мүмкін
емес.
Қазақ руханияты өзінің терең тамырлы құндылықтарының ме-
трополия құндылықтарымен үнемі қайшыласып қақтығысқан жағ-
дайында болды. Қазақ халқы өзіне жат қоғамдық және мәдени –
өркениеттік кешеннің қисынына бағынышты болды.
Ал екі мәдениет қазыналарының қақтығысуы – бұл екі түрлі
ойлау жүйесінің, екі дүние көріністерінің екі түрлі «логикалық»
қақтығысуы деген сөз.
Сондықтан әртүрлі өркениеттердің аралас-құраластығы әуелі
түсініспеудің құз құламасы арқылы өтеді. Соғыстың, қарулы