Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін лып отыр. Бұл, нәтижесінде Қазіргі Қазақстандағы демократиялық
үдерістерді жүзеге асырудың сәтті барысын анықтайды [2].
Қазақы діл мен дәстүрлі саяси мәдениеттің іргелі категорияла-
рын талдай келе, қазіргі қазақстандық қоғамдағы билік қатынастары
жүйесіндегі саяси дәстүрдің рөлін ашып көрсетуге тырысып көрейік.
Ымыраға келу ділі – қазақы діліндегі негізгі категориялардың
бірі және ғылыми тұрғыдан қызықты саяси дәстүр болып табыла-
ды. Ол қазақ ұлтының бірнеше ғасырлық тарихи даму барысын-
да қалыптасты. Әсіресе, белгілі бір организмнің өмір сүруі бары-
сында бірін-бірі жою механизмін жүзеге асыруға жол бермейтін
ашық діни жүйе ретінде тәңіршілдік сенімінің ықпалы зор болды.
Тәңіршілдік үйлесімділікті насихаттап, бір-біріне қарама-қайшы
екі жақтың өзара ықпалдасуына, өзара әрекеттесуіне шақырды
(әдетте, адам мен табиғаттың өзара қарым- қатынасындағы
үйлесімділікті орнату). Көшпенділер бұл ұстанымды әлеуметтік
қатынастар жүйесіне ауыстырды.
Кейіннен ислам оны саяси рәсімдер жүйесі ретінде, иерархия-
лық бағыну формасы мен саяси қысым тетігі ретінде бекіте түсті.
Исламның дәл осы даму және қоғамдық өмірдің барлық саласына
ауқымды ену барысында – ымырашылдық қазақтардың саяси мә-
дениетінің құрамдас бөлігіне айналды. Бұған қазақтардың тағдыр
жазмышына, дәстүрдің беріктігі және табиғат заңдылығына деген
сенімі ықпал етті.
Келесі кішігірім мәселені де атап өткен жөн: көптеген қазақ
ертегілері мен аңыздарында өзіңнің жеңілісіңді мойындап,
ымыраға келу немесе орын алған шиеленісті күшке жүгінбей, оны
талқылап, пікір алмасу арқылы шешу – шынайы адамгершіліктің
белгісі ретінде көрсетіледі. Сондықтанда болар, қазақтар үшін
мейірімділік көбіне өзін-өзі құрбан етуге дайындығымен, өз
эмоцияларыңды көрсетпей жасырып, адамның күнделікті өзін-өзі
ұстау тәртібінің қабылданған өмір қағидаларына сәйкес болуымен,
ұстамдылығымен, әр нәрсенің шегін білуі және жауапкершілігімен
байланыстырылады.
Сонымен қатар, ұлттық тарихтың ұлы өкілдері жайлы аңыз-
әңгімелерде басты кейіпкердің руластары мен жерлестерінің мүд-
десі үшін өзінің немесе жақындарының ұстанымынан бас тарта
алғанына немесе алмағанына қарап, мемлекеттің басқарушылары-
ның қандай болғандығына баға беріліп отырды. Осылардың бар-
лығының жиынтығын қарастырсақ, қазақтардың көнбістігі мен
ымыраға келу қасиеттері өзара істің негізінде келісімге келуден де
әлдеқайда жоғары тұрғанын дәлелдейді. Ымыраға келу қағидасы,