Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін ры жазылды. Түркілердің ортасынан шыққан ұлы энциклопедист,
ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фараби (870–950 жж.) еңбектерін
араб тілінде жазып, шығарды.
Қазақстанда ислам философиясын қайта жандандыру мен зерт-
теу алдымен шығармалары өткен мен қазіргіні берік дәнекерлеу-
ші болып табылатын, Шығыс пен Батысты, әлемнің көптеген ха-
лықтарының өзара түсіністікке қол жеткізетін мәселелер аймағын
анықтайтын Әбу Насыр әл-Фараби идеяларын мазмұнды талдау
қазақстандық философиялық әдебиетте жаңарған деректанулық
қорларға негізделген және бұрын қолданылмаған еңбектер
айналымға қосылмаған еңбектерді қамтиды. Әл-Фарабидің ру-
хани әлемі ежелгі грек философтарының еңбектеріне жай ғана
түсіндірмелер жасау емес, Шығыс пен Батыс идеяларын терең
ғылыми жинақтау, синтездеу болып табылады [5].
Әл-Фарабидің мәдениет пен ғылымға қосқан үлесі жан-жақты.
Логика мен медицина, космология мен анатомия, философия
мен заң, математика мен акустика оның зерттеу ізденістерінің
объектісі болды. Әмбебап түркі ойшылын араб әлемінде белгілі
дәрежеде дамыған білімнің барлық саласы дерлік қызықтырды
[6]. Ұлттық тарихты пайымдау контексінде Шығыстың алғашқы
ұстазының – әл-Фарабидің философиясының жетістіктері маңызды,
әсіресе ойшылдың рухани мұрасында көрініс тапқан қайырымды
қаладағы өзара түсінісу тәжірибесін зерттеу мен өзектендірілген.
Ол өз мұраларында жинақталған өзара түсіністік үдерісінің
тұжырымдамалық негізін дәлелдеп және дамытып қана қоймай,
өзінің шығармашылығында антикалық кезеңнің, мұсылмандық
Шығыстың және түркі әлемінің мәдени дәстүрлеріне жүгіне отырып,
өзара түсіністіктің бағдарламасын жүзеге асырды [7].
Қазақстандық зерттеуші А.П. Әбуов, Орта Азиядағы түркі тай-
паларының өміріндегі ислам руханиятының рөлін қарастыра оты-
рып, Қ.А. Ясауидің «Диуани Хикметі» – «Даналық кітабы» түркілік
дүниепайымының ұлы шығармасы болып табылады және «біз
оның еңбектерінен түркі тілінде жазылған түркілік ойлау әдісін жә-
не дүниені қабылдаудың түркілік формасын таба аламыз, олар қатаң
логикалық және аяқталған тұжырымдама арқылы берілген... Сопы
ақын Қ.А. Ясауидің қасиетті әлемі дәстүрлі болып келеді, себебі ол
жерде
«Вахдат әл-вуджут» атты исламдық жүйе билейді
»
[8, 178 б.].
Түркілік және исламдық дәстүрдің өзара байланысы арқылы
жүзеге асатын философиялық ойлаудың ұлттық типін және қазақ
халқының руханиятын біртұтас зерттеудің Қазақстанның рухани,
мәдени және қоғамдық дамуы үшін маңызы зор. Рухани өмірдің