Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері 33
түркілік-исламдық бастауы дүниетанымдық тұрғыдан қазақ хал-
қының өткенін анықтап, қазіргісін негіздеп, болашағын болжамдай-
ды. Тарихи кезең барысында ұрпақтар арқылы мәдениеттің өзара
ықпалдастығының нәтижесінде қалыптасқан еуразиялық әлемнің
синтетикалық рухани формасы, оның интеллектуалдық-рухани
парадигмалары философияда көрініс тапты. Ол қазақ халқының
дүниетанымдық ұстанымының рухани өзегі болды және түркі
халқының рухани мәдениетінің бойында болды.
Қазақ рухани мәдениетін таза синкреттік деп атауға бол-
майды және де ол мәдени синтезделе отырып, интеграциялық
үдерістерден де ажыратыла қойған жоқ. Қазақ халқы мәдениеті-
нің бойында түркілік, исламдық, ирандық-парсылық және орыс-
славяндық мәдениеттің элементтері бар. Сондықтан да, бір мәдени
парадигманың бойында әлемдік тарихи үдерістің белгілері қатар
орын алып, бір дүниетанымның аясында тарихи дәуірлердің
құндылықтық бағдарларының трансформациясы жүзеге аса алды.
Қазақстандық тарихшы Ж.О. Артықбаев өзінің зерттеу жұ-
мыстарында, қазақтың дәстүрлі көшпелі қоғамын талдау барысын-
да «алдыңғы қатарға экономикалық емес, әлеуметтік үдерістерді,
әлеуметтік байланыстардың формасын қою керек. Себебі, қазақ
қоғамында жеке адамның орны экономикалық емес, туыстық қа-
тынастармен анықталған... Туыстық байланыс адамдардың бейбіт
қатар өмір сүруінің шынайы негізін құрайды және негізгі әлеумет-
тік құндылық болып табылады, сондықтан да оның бар болуының
қағидалары барлық салаға ықпал етеді (аймақтық, шаруашылық, са-
яси және т. б.)» екендігін айтады» [9, с. 195].
Автор туыстық байланыс түріндегі әлеуметтік-мәдени құрамдас
бөлігінің маңыздылығын орынды атап өтеді. Жүздік бірегейлікке
қатысты халық даналығы былай дейді:
«Ұлы жүзді қауға беріп, малға қой, орта жүзді қалам беріп, дауға қой, кіші жүзді, найза беріп жауға қой». Көптеген ғасырлар бойы қазақтардың этно-мәдени кеңістігі
мен ұлттың рухани әлемі үшін рулық байланыстар, туыстық қа-
тынастардың маңызы өте зор болды. Ұлттық тарихтағы руға, жүзге
бөлінушілік кездейсоқ құбылыс емес, ол терең құндылықтық-
мағыналық маңызға ие. Осындай өзіндік ерекше тарихи фактілер
жайында көрнекті қазақстандық этномәдениеттанушы Ақселеу
Сейдімбек өз еңбектерінде келесідей жазды: «Қазақ ұлтының құ-
рамдас бөліктері болып келген үш жүз туралы айтпастан бұрын,
осындай ерекше жүйенінің жүзеге асуына мүмкіндік туғызып
отырған мәдени-шаруашылығының түрі мен өмір салты, сондай-ақ
географиялық ландшафтысына көңіл аударамыз.