Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері 41
Қазақ мәдениетінің басты құрылымдық архетипі еуропалық
номадтардың көшпелі өркениеті болып табылады. Гуманитарлық
ғылымда қазақ ұлттық мәдениетінің хронотоптарын жіктеудің түрлі
нұсқалары болған және олар белгілі бір мөлшерде тарихи үрдістегі
қазақтардың рухани өмірі құбылысына тән сипаттарды бейнелейді.
Егер белгілі ғалым А.Х. Қасымжанов қазақтардың рухани өмірінің:
1) Мифология, 2) Ренессанс, 3) Ағартушылық үш түрін бөліп көрсет-
се [33, 37 б.], Т.Х.Ғабитов қазақ мәдениетінің келесі хронотоптарын
көрсетеді: 1) мифологиялық уақыт, 2) батырлық кезең, 3) өркениеттік
уақыт, 4) дәстүрлі уақыт, 5) инновациялық уақыт
[32, 29 б.].
Әрбір жіктемелеудің өз мәні мен түсіндірмесі, жақсы мен жаман
жақтары болады. Дәстүрлі қазақ мәдениеті тарихтың көптеген сы-
нынан өтті
(«мың өліп, мың тірілген халық»). Мәдениеттің дәстүрлі
ерекшеліктерінің тууы әлеуметтік кеңістікте несімен құнды? Бұл
үдеріс өткен тарихқа назар аударып, одан сабақ алуға және даму-
дың келешегі бар жолдарын таңдауға итермелейді. Бірақ мүлдем
дәстүрлендіруге де, бұл құндылықтарға бойұсынып, барлық жаңа-
шылдықты жоққа шығаруға болмайды. Архаизм қоғам дамуын
тоқтатып, толығымен өткенге арналған. Сондықтан этностың рухани
әлемін зерттеуде заманауи жағдайда дамуға өзіндік түрткі болатын
үйлестірілген тәсіл қажет, сонымен қатар қазіргі жағдайда прогрес-
ке қарай өзіндік түрткі болатын болашаққа қатысты теңдестірілген
тактиканы қалыптастырудың маңыздылығы да зор.
Қазақ халқының рухани әлемінің басты ерекшелігі көптеген
этностар бейбіт қатар өмір сүретін түркі әлеміне жатуы болып та-
былады. Бұл тұста, барлық адамзаттың рухани-адамгершілік негізі
бір екендігін, ал бұл тәжірибенің нақты-тарихи тұрғыдан жүзеге
асу жолы әр түрлі болуы мүмкін екендігін естен шығармау керек.
Сондықтан да барлық зерттеушілер әдіснамалық тұрғыдан нақты
тарихи қағидаға сүйену қажет. Белгілі бір қауымдастықтың, жал-
пы адамзаттың сақталып, өмір сүруіндегі басты және негізгі салт-
дәстүрлер, әдет-ғұрыптар тарихи субъектінің рухани-адамгершілік
тәжірибесімен қамтылған.
Халықтың мәдениетінің тарихын терең және жан-жақты тал-
дау, оның бірлігін қалыптастыратын жасампаздық пен мәдениет-
тің ұлттық құндылығының тұтастығын сақтап, арттыру қазақтың
дәстүрлі мәдениетінің даралығы мен ерекшелігін сақтап қалуды
қамтамасыз етеді. Қазақтардың дәстүрлі тарихи санасында үлкенге
құрмет, өзге сенімдерге төзімділік таныту, сырт әлемге ашықтығы
және олардан үйренуге деген талап, рухани мәдениеттің материал-
ды мәдениеттен жоғары тұруы, туған жеріне деген сүйіспеншілік