М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет42/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
ризашылығын сездіреді, яғни жақсы көңіл-күйдің терең тамырла-
рын жандандырады. Екіншіден, адам қонақ дәрежесінде қожайын-
ға адам болмысының құпиясына жақындататын, басқа адамға деген 
ашықтығы мен оның дидары мен жанына ұмтылысын білдіретін 
өз қасиетін білдіруге мүмкіндік алады. Үшіншіден, терең этикалық 
сипатты айтып кету керек: қонақ болашақта келу-келмеуі екіталай 
болса, онда ерекше ілтипатқа ие болады. Бұл жағдайда қожайын 
өзінің ашық көңілімен жылылық беруге тырысады, кейін бұл 
әрқайсысының есінде көпке дейін сақталып қалады... Қазақтардың 
дәстүрлі қонақжайлылығы тереңдей ниеттес болу мәдениетіне 
негізделген» [31, 41–42 бб.].
Қазақтардың дәстүрінде ерекше орынды қайтыс болған кісілер-
ді еске алу, үш, жеті, қырық күн өткенде және бір жылдан кейін ар-
нап тамақ беру алады (ең үлкені бір жыл толғанда ас беріледі) және 
осы күні мал (қой, жылқы, кейде сиыр) сойылып, құран оқылады. 
Қайтыс болған кісілерді еске алу әр қазақтың алдындағы міндеті 
болып табылады. Жұма сайын жеті шелпек пісіріледі (
жеті нан
). 
Алты шелпекті көршілерге таратып, жетіншісін өздеріне қалды-
рады. Бұл 
«садақа нан»
деп аталады. 
Ата-бабалардың сенімі бойынша қайтыс болған адамның 
жаны өз үйіне келіп, оны ұмытпай, қорғап жүргенін сақтаудің 
белгісі ретінде майдың иісін сезеді. Қазақ қоғамында еске түсіру 
рәсімі топтасудың, іштей ұйымдасудың жоғары деңгейінде өтеді, 
бәрі біріне айтып, өздерін жақсы жағынан көрсетуге тырысып, 
шыдамдылық пен бауырмалдығын көрсетіп, қазаға ортақ бола-
ды. Тек тарихи ғана емес, қазақтардың заманауи рухани әлемінде 
еске алу адамгершіліктің өзіндік мектебі ретінде көрініс беріп, 
салт-дәстүрге байланысты білім нығайып, қалыпқа сай қатынастар 
реттеліп, мораль мен адамгершілік басым бағыт ретінде жүретін 
тәжірибеге негізделген әлеуметтік мәдени қатынастар құрылды. 
Қазақстандық мәдениеттанушы Т.Х. Ғабитовтың пікірінше, қа-
зақтардың дәстүрлі мәдениеті түркі тайпасының этникалық топтасу 
кезеңінде жинақталған. Қалыптасқан этностар (қазақтар, қырғыздар, 
өзбектер және т. б.) дәуірінде көшпелі орталық-азиялық импе-
рия қолайлы ықпалда болды. Бірақ сол кездерде көрші отырықшы 
көрші империялар (Ресей, Қытай) белсенділік танытып, номадтық 
қауым аймақтарын басып алуға дайындалып жатты. Тарихта ұдайы 
қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің өзгеруі болып тұрды. Егер 
еуропалық этностар Қайта өрлеу дәуірінен Реформация арқылы 
Ағартушылыққа көшсе, еуразиялық номадтардың ұрпағы Ислам-
дық Ренессанс куәгерлері «Зар-заман» дәуірінде мұңға батты 
[32].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет