Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін тады. Бұл жайлы академик Д. Кішібеков: «Мал жаюмен айналыса-
тын көшпенді мал жайылымын кез-келген жерге емес, адамдар мен
малға неғұрлым қолайлы, биік қырлары бар, таңертең және кеш-
ке сол төбеге шығып 10–15 км-ге дейін жан-жағын бақылай алатын
жерді іздеді» [14, 25 б.], – дейді.
Биік жерге көршілес қоныстанудың пайдасымен қатар, астарлы
мағынасы да бар еді. Белес, төбе, таулар әлемнің орталығы ретінде
Әлем тауының баламасы ретінде бола отырып, көшпендіні өз ба-
спанасын биікке орнатуға итермеледі. Киіз үйдің ішкі құрылымын-
да да тігінен үш және көлденеңінен төрт бөлігінің қиылысуында
ғарыштың архетиптік қайталануы байқалады. Е. Василевскийдің
тұжырымдамасына сәйкес, «киіз үй – ғаламның үлгісі, көшпендінің
микроәлемі, ол жарыққа бағдарланған, ошақ арқылы өтетін орта-
лық өзегі бар; киіз үй семантикалық секторларға бөлінеді: оң жағы
– сол жағы, солтүстік – оңтүстік, жоғарғы – төменгі, сыйлы – сый-
лы емес. Мұның барлығы «үй – үлгісі» деген жалпыадамзаттық
жаһандық идеяның көрінісі [15, 43 б.].
Көшпенділердің баспанасын пайымдау арқылы, көшпенді
өмір сүру салтының кеңістік жайлы ұғымдарына ықпал етуінің
әсерінен ерекше белгілерге ие болғаныдығын атауға болады, олар
келесідей қағидалармен сәйкес келеді: 1. Көшпенділердің үнемі
малға жайлы жерлерді іздеу қажеттілігі архетиптік қайталау
заңдылығына сәйкес көшіп-қону кеңістігін барынша қасиетті санау-
ды шартты етті. 2. Отырықшылыққа тән «өзімдікі-өзгенікі» бинарлық
оппозициясындағы игерілген және игерілмеген кеңістікті қарсы
қою көшпенді өмір салты аясында жеңілдей түседі, себебі игерілген
кеңістіктің орталығы саналатын көшпендінің баспанасының орны
үнемі ауысып отырады.
Сипаты, түрлері, негізгі белгілері, дүниетанымдық дәстүрлер,
тіл, – мұның барлығы үнді-ирандық мәдениетінің терең бөлігі-
мен қатар және тығыз өзара ықпалдастықта дамыған Шығыс пен
Батыс өркениеттері мен халықтарымен қоса, қазақтардың да руха-
ни мұрасын түркітілдес бай мәдениеттің далалық бөлігі ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда, Қазақстандағы түрлі мәдени
және философиялық дәстүрлердің өзара ықпалдастығы мәселесі
және қазақ халқының рухани қалыптасуындағы идеялық синтездің
рөлі әлі де жеткілікті зерттеле қоймаған.
Мұның бір себебі, көшпенділік жайлы оның «өркениетке қарсы»,
жою мен сауатсыздықты білдіреді деген қасаң түсініктің қалыпта-
суы болып табылады. Көшпенді өмір салтын осылайша пайымдау-
дың әсерінен оны Азиядағы әлеуметтік-саяси шиеленістің, апаттың,