Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін Қазақ даласының кескіні, оның табиғи-географиялық жағдайы
үш мәдени-шаруашылық аймаққа (К. Акишев) – 1. өзінің кең жазық
даласымен Батыс және Орталық Қазақстан; 2. Шығыс Қазақстан
және оның оңтүстік-шығыс ауданы, Еренқабырға (Тянь-Шань және
Алтай аймағы); 3. Оңтүстік Қазақстан Сыр-Дария, Шу, Талас, Арыс
өзендері мен жағалаулары. Үш шаруашылық аймақтың тууына
жағдай жасаушы Қазақстанның табиғи аймағы соңынан, орталық
биліктің принциптерін қатаң сақтайтын әкімшілік-территория-
лық бөлінуге тікелей әсер етті. Қазақ жерін құрайтын үш бөлік
алғашында күннің қозғалысына қарай анықталды және «батыс,
шығыс және орта халық» деп аталды».
Кейінірек көшпенділер өз жерлерін бес түрлі реңкте белгілей
бастады: Шығыс – көкпен, Батыс –ақпен, Солтүстік – қарамен,
Оңтүстік – қызыл түспен, ал Орталық жасыл бояулы болды. Осылай-
ша, тұтас мемлекет түрлі түсті бояулар гаммасымен бейнеленетін
болды. Батысқа бет алған гұндарды Ақ ғұндар, Шығыста қалған
түріктерді – Көк түріктер (Көк Орда), Батыс хандығы – Ақ Орда,
Орта хандық – сары орда (Сары Орда) деп атады. Кейінен қазақ
хандығына көшкен бұл атаулар сақталынып қалған дәстүрлерге
сәйкес берілген болатын. Ұшы қиырсыз Даланың үш бөлігі
шаруашылық-мәдени белгілеріне қарай айшықталумен байланы-
сты оның ішкі құрылымдық бөліктері көшпенділердің далалық
өркениетінің белгілерімен анықталған ..... тайпаларды қазақтар
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп атап, осылайша мемлекеттің
үштік құрылымы жұмыс істей бастады. Күн шығыстан басталатын
Шығысты мекен еткен тайпаларды Ұлы жүз, күн жолының орта-
сында өмір сүретіндерді Орта жүз, ал Батысты қоныстанушы тай-
паларды Кіші жүз деп атады» [10, 125–127 бб.].
Туыстық қарым-қатынас өте маңызды, әсіресе дәстүрлі қо-
ғамда, бірақ әлеуметтік даму барысында экономикалық базис, эко-
номикалық қатынастар дегенмен анықтаушы қоғамдық фактор бо-
лып табылатындығын атап кету керек. Қазақтың дәстүрлі көшпелі
қоғамының мәнін анықтау үшін де экономикалық қатынастардың
рөлі маңызды және анықтаушы болып келеді. Қоғамдық дамудың
заңы осындай.
Көшпелі мәдениет өтпелі қоғамдық форманы да, «азиялық
өндіріс тәсілінің» түрлерін де, «далалық феодализмді» де негіз деп
есептемейді, адамның және құрғақ аймақтағы қауымдастықтың
шаруашылық-мәдени түрін игеру болып табылады. А. Тойнбидің
«Тарихты игеру» атты кітабында көшпенділерді табиғат ортасының
сын-қатерлеріне лайықты жауап бере алатын, бірақ бұл сынның