М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет44/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
сияқты құнды рухани бағдарларын жоғалта қоймағандағын атап 
кету керек.
Ерекше белгілер мен рәміздерге аса мән беру ежелгі қазақтардың 
ата-тегінің рухани өміріне тән қасиет болып табылады. Қазақтардың 
этногенетикалық коды олардың ата-тегін көрсететін Шежіремен 
қатар, Ұранмен де бекітілген, ол белгілі бір рудың басымдығына 
немесе Тамбасына қарай өзгеріп отырған. Шежіренің мәні – бұл 
бір тамырдан тараған ұрпақтар жалғасын көрсету. Шежіре тари-
хи тұрғыдан қазақтардың бір атаның ұрпағы екендігін дәлелдейді. 
Сәйкесінше Шежіре, ерекше рухани құрал ретінде халықтың ара-
жігін бөлмей, біріктіреді. Мұны Ұлы даланың даналары жақсы 
білген, сондықтан бұл фактор халықтың тарихи санасына сіңіп кет-
кен. 
Н.И. Гродековтың пікірінше, тамбаның да терең қасиетті мәні 
бар. «Көптеген рулардың атауының тарауы тамбаның ежелден келе 
жатқандығының белгісі. Тамбаны зерттеу қырғыз халықтарының 
тарихы үшін маңызды. Танымал жерлерде, зираттар мен өзге де 
ескерткіштерде тамбаның болуы сол жерде белгілі бір рудың өмір 
сүргендігін дәлелдейді. Тамғаны ат әбзелдеріне және белгілі бір 
құжаттарға кесіп жазу үшін де қолданады...» [34, 2–3 бб.].
Оның үстіне, ұлттың өзіндік санасы үшін дәстүрлі этикеттің 
маңызы зор, ол «ұлттық менталитеттің сыртқы көрінісі мен субстан-
ционалды негізін көрсете отырып, терең, көпқырлы, жарқын ұлт-
тық ерекшелігімен сипатталады және жаңашылдыққа тұрақты бо-
лып келеді» [35, 5 б.].
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен өзге мәдениетпен ара-
ласу тәжірибесі бір әлемнің ішінде тұйықталмай, өзге араласуға 
итермелейтін ашықтық идеясының туындауына сеп болды. Дала 
кеңістігінде ұзақ өмір сүру нәтижесінде жинақталған терең өмір-
лік тәжірибе дәстүрлі қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы 
ашықтық пен сенімділік басымдығын нығайта түсті. «Қазақ хал-
қының тарихи-философиялық жадысы да осыған үйретті, біз оны 
жалпы түрде төзімділік, ұстамдылық, араласып құраласуға деген 
бейімділік, өзгенің пікіріне деген толеранттылық, адамға, табиғат-
қа деген махаббат сияқты қазақ халқының бойындағы қасиеттерді 
қалыптастырған ұлттық ой мен мәдениеттің дүниетанымдық син-
кретизмі деп атаймыз», – деп жазады С. Ақатай [36, 19 б.].
Ғалымның пікірінше, астарында үздіксіз даму үстіндегі көш-
пенді әлемінің шынайылығына назар аударып, ата-баба ұрпағын 
жалғастыру мәні жатқан қазақ философиясының өзгешелігі осы-
дан шыққан. Сонымен қатар, оның пікірінше, қазақ атауының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет