М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет47/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
45 
кездері Қазақстанда болып өткен саяси дауылдар мәдениеттің 
дәстүрлі ошақтарының жойылуына, жаңа діндердің таралуына, 
жазбаша хаттың өзгеруіне әкеліп соқтыратын. Соның негізінде ин-
теллектуалды шығармашылықтың, оның ішінде философиялық 
жасампаздықтың формалары өзгерді, бірақ, өркениет түрі мен оның 
даму қарқындылығы баяғы қалпында қала беретін. 
Дәстүрлі мәдениетте адамның болмысы таза рационалды 
ұстаным ретінде қабылданбайды. Оны адам өз ұлттық-мәдени 
әлеміне туа біткен ортақтасу ретінде қабылдайды, яғни адам өз 
мәдениетіне, туған жерінің болмысына, туған адамдарының орта-
сына, өлкесіне, жан-жануар әлеміне «тамырын жіберген». Соның 
негізінде қазақтардың рухани әлемінде «Атамекен», «Туған Жер», 
«Туған Ел», «Ағайын-туыс» негізгі ұлттық-мәдени және дәстүрлі 
құндылықтар ретінде қалыптасқан. Олар ұлттық менталитеттің 
негізін құрайды, және осы орайда «халықтың жаны» қарапайым 
спекулятивті түсінік емес, ал ділділіктің орталық буыны болып та-
былып, оның рухани және ұлттық бірегейлігінің, рухани әлемінің 
ерекше өрісін білдіреді. Қазақтардың руханиятындағы ұлттық 
бірегейлік мәселесі туралы М.С. Шайкемелев өзінің еңбегінде 
нақтылап жазып берді [39].
Қазіргі таңда ұлттық тарихты объективті тұрғыдан қарастыру үшін 
біз түрлі шетелдік әдебиеттерге сүйенеміз. ХVIII ғасырда жазылған 
қытайлық Цин династиясының жазбаларында қазақтардың рухани, 
саяси және әлеуметтік-мәдени өмірінің кейбір қырлары көрсетілген. 
Жекелеп қарастыратын болсақ, онда Чунь Юань «Xi yu wen jian lu» 
еңбегінің («Батыс аймақтардың өмірі туралы жазбалар») «Қазақтар» 
атты екінші бөлімінде және «Xi yu zong zhi» («Батыс аймақтар бой-
ынша қайнар көздер») еңбегінің в 4-ші бөлімінде қазақтар алып 
территорияда тұрып жатқан, мал бағумен айналысатын ұлы және 
көп санды халық деп сипатталған. Жазбаларда бай қазақтардың 
меншігінде табын- табын жылқылар мен қара малдың саны он 
мыңнан асып кетеді, қойлардың саны есепке де, санауға да келмейді, 
кедей қазақтардың өзінде жүздеген жылқы мен сиыр, мыңдаған қой 
болатын деп жазылған (Н. Мұхаметханұлының мәліметтері). 
Қытай саяхатшылары мен саудагерлері қазақ жері туралы 
естеліктерінде қазақтардың эстетикалық талғамын, яғни олардың 
әдемі киінуге, киімдерінде жарқын түстеріне басымдық беретін, 
жібек пен жүнді малға айырбастау арқылы қымбат және сапалы 
маталарды таңдайтын, әсемдікке құштар халық деп сипаттайды. 
Қазақтар қытай фарфорын, әдемі түрлі түсті маталарды бағалап, 
қытай шайын ішуді жақсы көретін деп жазылған екен. Сол кездегі 


46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет