М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет45/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
43 
кейіннен пайда болуына қарамастан, олар Еуразияның ежелгі 
халықтарының бірі болып табылады және де өзінің этномәдени 
келбетінің қалыптасуы барысында ежелгі, ортағасырдағы клас-
сикалық көшпенді әлемімен ортақ тарихи-мәдени байланысы 
болуы себебінен оларды еуразиялық мұраның ізбасары ретінде 
қарастыруға болады.
Әйгілі Ұлы Жібек жолының Қазақ халқының территория-
сы арқылы өтуі еуразиялық мәдениеттің феномені ретінде қазақ 
ұлтының мәдениетіне аса ықпал етті. Сондықтан да оның бойын-
да салт-дәстүрі, сенімдері мен құндылықтары, дүниетанымы бар 
мәдениеттің ерекше сегменттері қалыптасты. Түрлі мәдениеттің 
өзіндік синтезі жүріп және өзара байи түсуге әкелген материалды 
және рухани құндылықтармен алмасу заңдылыққа сай жүзеге асты. 
Қазақ ұлтының мәдениеті осы белгілерімен өзге жағдайдағы және 
тарихи ареалдағы көшпенді мәдениеттен ерекшеленді.
С. Ақатай, өзінің ғылыми зерттеулерінде қазақтардың пси-
хологиялық этнопортретін аша отырып, былай дейді: «көпғасыр-
лық мәдениеті бар ежелгі халық ретінде олар ашық, жүректері кең 
болып келеді, өздерімен де, өзгелермен де байланысқа жеңіл түсіп, 
қонақжай, мейірімді, қарапайым келеді, адалдықты, өнегелікті 
бағалайды, өтірікті, сатқындықты, еріксіздікті (өзінің де, өзгенің де) 
екіжүзділікті, жағымпаздықты, жаланы қоштамайды. Халықтың 
өнегелік бейнесіне ата-баба сеніміндегі идеология мен мораль аса 
ықпал етті. Қазақтардың өнегелік қағидаларына оның бойындағы 
үлкендер мен балаларға, әйелге деген құрмет тән. Осы бір қасиеттер 
отарлық кезеңде жоғалтып алынды немесе бұрмаланды» [36, 20 б.].
Дәстүрлі қазақ философиясы және мәдениеті дәстүрлі қоғамда 
жүзеге асқан қазақ халқының дүниеге деген қатынасының белгісі 
ретінде қалыптасты. Бұл жағдайда философиялық дүниені қабыл-
даудың даму формасы мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Фи-
лософия теориялық-дүниетанымдық білім және ойлау дәстүрі
ретінде тек отырықшылық аясында ғана дамымайды. Қорқыт-ата, 
Асан Кайғыны және көптеген дала жыраулары мен ақындарын 
көшпенділер философиясының өкіліне жатқызамыз.
Ресейлік номадизмді зерттеуші Г. Гачев көшпенділіктің мәнін 
анықтай отырып, өз түсіндірмесін береді: «... Қазақтарда сөз басқа 
халықтармен теңқұқықтымыз, мұнды қайратыңды ауызша-руха-
ни пайдалану, біреудің жазған жазуы – уақыт жауы – яғни, ол өлсе 
де, сөзі қалады, ол өзін өлместей сезінеді. Көшпелі логоста жаппай 
қаталдық пен қайталанбастық жоқ, сондықтан желілік уақыт жоқ 
– өрлеу жоқ: айналып жайлауға қайтып келеді. Ал Желілік өрлеу 


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет