М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет48/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
қазақтардың рухани және әлеуметтік-мәдени ауқатты өмірінің 
ерекшеліктеріне сипаттама беретін мұндай тарихи мәліметтерді 
он сегізінші ғасырдың екінші жартысындағы қытай жазбаларынан 
алуға болады. 
Қазақстанның Ресей империясына қосылуы қазақтардың та-
рапынан әртүрлі қатынастарды тудырды – оны қабылдау және 
қабылдамау қазақ қоғамының санасында ыдыратушылықты қа-
лыптастырды. Бір жағынан, қазақ қоғамының рухани мәдениетінде 
«Зар-заман» ақындарының шығармашылығы қалыптасып, әлеу-
меттік-саяси өмірде И. Таймановтың басқаруымен 1836–1838 
жылдардағы қарулы көтеріліс пен Кенесары Қасымов басқарған 
1837–1847 жылдары ұлтық-азаттық көтеріліс орын алды. Екінші 
жағынан, орыс мәдениетіне ортақтасудың негізінде экономикалық 
қатынастар мен қоғамдық институттар салаларын қамтыған Еу-
ропа жетістіктерін сіңіру арқылы қазақтардың ағартушылығы 
қалыптасты. 
Қазақ қоғамы келешектегі даму жолын таңдау керек болды. 
Бұл таңдаудың трагедиялығы номиналды тәуелсіздік пен мем-
лекеттілікті жоғалтумен негізделді. Бірақ, қазақ болмысының 
трагедиялығына қарама-қарсы Шоқан Уәлиханов, Абай, Кенесары 
Қасымов сияқты қазақ рухының шыңдарын жаратты. 
Ш. Уәлихановтың шығармашылық мұрасының маңыздылығы 
орасан зор. Ол зерттеген әрбір ғылыми салада оның ізі қал-
ған. Ойшыл өмір сүрген сол бір трагедияға толы шақ оның 
шығармашылығына барынша ықпал етіп, көпқырлы және өзінің 
әр-алуандылығымен, трагедиялығы және қарама-қайшылығы-
мен көрініс тапты. Ұлттық рухтың мүддесін қорғаушы ретінде 
Ш. Уәлихановтың ұлылығы оның көшпенділердің өмірлік бол-
мысының іргелі негізінен, яғни бостандықтан айырылғанына 
қарамастан, осы жағдайды түйсініп, ұғынуына негізделеді. 
Қазақ ойшылының шығармашылығында адам болмысының 
гуманистік концепциясы, рационалистік бағасы және адамның жер 
бетінде бақытты ғұмыр кешуіне деген айнымас құқығы жариялана-
ды. Ойшыл адам қоғамдық мүдделерді орындамаса бақытты бола 
алмайды деген тұжырымды алға тартты. Адам бақытын мұндай 
тұрғыдан қарастыру барлық қазақ ойшылдарына тән қасиет болып 
табылады.
Ы. Алтынсариннің білім беру негізіндегі шығармашылықтары-
ның маңыздылығы қазіргі таңда, әсіресе, қазақстандық білім беру 
жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі жағдайында артып 
бара жатыр. Қазақ ойшылы білім берудің ұлттық концепциясының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет