М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет49/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
47 
бастамасында тұрып, қазақ халқының, оның бірегейлігін есепке ала 
отырып, білім беру жүйесін реформалады. Ол Ресей тәжірибесі мен 
қоғам мүдделерін есепке ала отырып, ұлттық білім беру жүйесінің 
міндеттерін шешуге мәжбүр болды. Ы. Алтынсариннің концеп-
туалды ұстанымдары мен пайымдаулары бойынша білім тұлға 
тәрбиесіне атсалысу керек, ол екеуі еркіндікке бағдарлап, өз-өзіңді
кемшіліктеріңді билей алуға септігін тигізетін күшке айналуы тиіс. 
Абай философиясындағы руханилық адамның бойындағы 
адамгершілік пен мәдениеттің әмбебап өлшемі ретінде негізделіп, 
жалпы адамзаттық маңыздылығына орай бұқаралық, жалпылық 
сипатқа иеленеді. Қазақ философы тек руханилық қана адамға өз 
күшіне деген сенімді қайтарып, әлеуметтік апатия мен бұқараның 
түкпірден шыға алмау қасиетін жояды, ал рухани күштер жеке 
және қоғамдық сананы ізгіліктік құндылықтарға, ал тұлғаны 
жасампаздық қызмет пен қоғам игілігіне өмір сүруге итермелейді 
деген тұжырымды алға шығарады. 
Абайдың түрлі ілімдер мен дүниетанымдарды тануға, ақиқат 
іздеу жолында ғылым, философия мен мәдениетті ортақтастыруға, 
адам болмысының жоғары заңдылықтары ретінде ізгіліктік пен 
руханилықты ақтап шығаруға деген талпынысында философиялық 
санасының ерекше стилі байқалады. Ойшылдың философиясын-
да адам мен болмысты тұтастай қарастыру тән дүниетаным мен 
көпқырлылық пен тереңділік тән өзіндік ілім көрініс табады. Абай 
руханилығының философиялық рефлексиясы адам болмысының 
гуманистік контурын белгілеуге тырысатын заманауи философия-
лық парадигмаларға үйлесімді болып келеді. 
Рухтың адамның бойында адамгершілікті тірілтіп, оның бой-
ында ар ұятты, сананы, сезімталдықты, әлем алдындағы кіші-
пейілділігі мен басқа адамға деген мейірімді қатынасты оятады. 
Біздің ойымызша, рухты адамның болмысын біріктіруші, оның 
санасын, эмоциялық-еріктік саласын ізгіліктікке толы әрекеттерге 
итермелеуші бастама ретінде анықтауға болады. Сол себептен руха-
ни адам – біртұтас, толыққанды адам, өйткені, ол ойлау мен заттық-
практикалық қызметтің, эмоциялар мен сезімдердің, өз-өзін адам 
қылу мақсатында шынайылық пен діншілдікті шығармашылық 
тұрғыдан қабылдаудың жалпы бағытында үйлесімді бірлікті 
білдіреді. 
Абай халықтың рухын, оның тарихын, өзінің ақындық фор-
мада ойлау қабілетін қазақ эпосына қарап алғаны айдан анық. 
Қазыналы ауызша қазақ шығармашылығында эпостың ерек-
ше орынды иеленетіні белгілі. Аттары өшпес дарындылардың 


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет