М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет46/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
қалай көрінеді? Бір қабаты басқасына артады, ал ол – шешіледі 
– киіз үй, тұрақ, тек қайта келу үшін кетеді – көшпенді қазақтар 
тарихта өмір сүрмейді, тұрмыста өмір сүреді» 
[37, 94 б.]. 
Мұнда 
көшпелі мәдениеттен, өркениеттен тыс сипатталған, яғни оның та-
рихи кеңістіктік-уақыттық координаты жоқ сияқты. Бірақ маңыз-
ды факторды ескеру керек –номадтық мәдениеттің бірегейлену 
маңыздылығы танымдық тарихи мүддеден шықпайды (негізі бұл 
да бар), бірақ дәстүрлі қазақ мәдениетін зерттей отырып, номадтық 
өркениеттің ерекшелігін ашып көрсетеміз (тарихшы Н. Масанов- 
тың жұмыстарына назар аударыңыз) 
[38]. 
Асан Қайғының дүниетанымы дамудың ішкі қарқындылығына 
иеленетін, сол себептен адам қолының сұғылуын қажет етпейтін 
табиғат пен әлемнің үйлесімділігін сақтауға бағдарланған дүние 
сезінудің мысалы болып табылады. Оның бейнесі келесі ұрпақтар 
тұратын қазақ қоғамының құндылықтық әлемі үшін жол нұсқаушы 
бағдар болып келеді. Кез-келген ортада болатын географиялық, 
кеңістіктік және уақыттық айналымның кейбір кемшіліктері заң-
дылықты жайт. Олар адам өмірін әшкерелеуші мін емес, керісін-
ше, ол этностық қоғамдастықтың толыққанды жаңа әлеуметтік 
және мәдени дүние құрылысының қалыптасуына мүмкіндік беретін 
өзіндік бір трамплин бола алады. 
Қазақтардың рухани әлемі өзінің бойына көптеген мәдени 
ықпалдарды сіңіре отырып, өзінің далалық түркі дәстүрлерінің 
қойнауында балқытып, іштей қорыта алды. Бұл дәстүрлердің терең 
және мықты болғаны соншалықты, не саяси апаттар мен соғыстар, 
не Қытай және Иран сияқты ұлы көршілердің мәдени экспансиясы 
да, не араб және моңғол шапқыншылықтары да, не исламдандыру 
үрдісі де оларды түбегейлі өзгерте алмады. Мұндай өміршеңдік-
тің себебі шаруашылық түрі мен өркениет формасының көптеген 
ғасырлар бойы өзгермей келгеніне де байланысты болып келеді. Ол 
өз кезегінде дүниетанымның белгілі бір менталды құрылымдары-
ның тұрақты өндіріліп отыруына және халықтың әлеуметтік жады-
сының жоғары деңгейде дамуына септігін тигізді. 
Өткен шақ, қазіргі шақ және келешек – бұл толыққанды 
уақыттың құрамдастары, дегенмен де, уақыттың ағымы міндетті 
құбылыс. Ата-бабаларымыздың рухани тәжірибесінің ұрпақтық 
сабақтастығы ұлттық рух пен мәдениет бірегейлігінің, қазақ халқы-
ның психологиялық қасиеттері мен әрекеттерінің қалыптасуында 
ұжымдастырушылық рөл атқарды. Сонымен қатар, қазақтардың 
рухани мұрасынан аймақ тарихының апаттық сипаттағы дамуының, 
әлеуметтік тұрақсыздықтардың ізін байқауға болады. Бұрыңғы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет