Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері 39
ғы мен өмірлік тәжірибесін білдірудің кең таралған формасы ғана
емес, сонымен қатар дәстүрлі қоғамның өнегелік қағидасының
өзіндік кодексі болып табылады.
Қазақ батырлары соғыс алаңына тек өз атағы үшін емес, өзінің
туған жері үшін шықты, оларға көптеген ерлік, лирикалық поэма-
лар арналды. Қазақтарды бұл жанр «Батырлар жыры» деген атқа
ие болды, орыстарда «батырлық эпостар», жапондықтар «моно-
гатари», басқа елдерде өзінші аталады. Батырлық ортағасырлар
дәуіріндегі көшпелі еуразиялық кеңістіктегі кең таралған әлеуметтік
құбылыс және ол қазақ этносы өкілдерінің құндылықтар жүйесінде
құрметті орын алады. Ол ерекше әскери-саяси институт болатын
және қазақ этносының құндылықтық жүйесінде құрметті орында
болды. [29, 62 б.].
Дәстүрлер дәстүрлі қазақ қоғамының рухани өмірінің
құндылықтық әлемі мен бағдарларының ішкі орнықты өзегін
құрайды. «Дәстүрлер, – деп жазады М.Х. Балтабаев, – бұл ұрпақтан
ұрпаққа таралған және белгілі бір қауымдастықта, әлеуметтік топ-
та ұзақ уақыт бойы сақталған әлеуметтік және мәдени мұралардың
белгілері. Дәстүрге менсінбей қараушылық қоғам мен мәдениет-
тің дамуындағы сабақтастықтың бұзылуына, адамзаттың құнды
жетістіктерінен айрылуға әкеледі. Дәстүрдің мәніне түсінбей
соқыр табыну консерватизм мен қоғамдық өмірде тоқырауға әкеп
соқтырадыы»
[30, 47 б.].
Жеке адам адамзат дамуы барысында көбінесе белгілі бір
этникалық дәстүрлер әсер ету өрісінде болған еді. Дәстүрлер
мазмұнындағы қандай да өзгеріс болмасын этникалық мәдениет
құрылымындағы өзгерісті және әлеуметтегі үлкен өркениеттік
секірістерді білдіреді. Қазақ этномәдени дәстүрінде әр ер адам өз
ағайын-туғандарымен үш туыстық деңгейдегі қатынастарда бола-
ды:
ата жұрт – өз жұрты, анасының жұрты – нағашы жұрт, жары-
ның туысқандары – қайын жұрт. Ол барлық жақын туыстарына
құрметпен қарауы керек, сонымен бірге анасының туысқандары
мен әйелінің жасы кіші туыстарының (балдыздармен) арасында
әзілдесуге құқығы бар.
Қазақтардың рухани өмірінде қонақжайлылық дәстүрі үлкен
мәнге ие болған. Қонақжайлылық тарихи үрдісте қазақ үшін
көптеген құрылымдық, негізінен топтастыру және этикалық
сипаттағы қызметтерді орындаған. «Қонақжайлылықтың өзі аман-
дасу, сыйласу, мүсіркеу сияқты нақты мақсаттардан басқа дәстүрлі
этиканың көпдеңгейлі этикалық мәнін береді. Біріншіден, белгілі бір
үйде қонақта болғанына ризалығын білдіру оның өз дәрежесі мен өз