М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет40/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
В.П. Юдиннің [17], Ю.А. Зуевтің [18], М.Х. Әбусейітованың жә-
не Ж.Б. Абылхожиннің [19] (әсіресе «қазақ» этнонимінің этимоло-
гиясына қатысты) іргелі тарихи зерттеулерінде дәстүрлі қоғамның 
дамуының, түркілік дүниепайымның және өмір барысының 
көп-теген негізгі мәселелері қарастырылған. Ж.М. Әбділдин мен
Р.Ж. Әбілдина өздерінің «Ш. Уәлиханов – ұлы ғалым және ой-
шыл» және «Абай – ұлы ойшыл және қазақ рухани мәдениетінің 
шыңы» атты еңбектіренде ойшылдардың рухани мұраны зерттеу-
дегі әдіснамасы мәселелерін зерттейді. Авторлар тарихи болмысты 
мәнді, тұтас, нақты және жан-жақты зерттеу маңыздылығын атап 
көрсетеді [20]. Еліміздің тарихшылары тарихи дәуірлерді зерттеу мен 
ғылыми пайымдау барысында заманауи тәуелсіз Қазақстанның рух-
ни-саяси және ұлттық мүддесімен қатар тарихи және гуманитарлық 
ғылымның даму логикасынан туындаған жаңа әдіснамалық және 
құндылықтық-мағыналық бағдарлардың маңыздылығын атап өтеді 
[21, 3–6 бб].
Этнос және этнобірегейлік, ұлт және ұлтшылдық, номадология 
және ұлттардың рухани мәдениеті мәселесі бойынша теориялық 
әзірлемелер Ә.Н. Нысанбаев және М.С. Шайкемелев [22], М.С. Орын-
беков [23], М.З. Изотов және З.Н. Сәрсенбаева [24] Ғ.Т. Телебаев [25]
сияқты көптеген отандық ғалымдардың және британдық антрополог 
Э. Геллнер [26], ресейлік номадолог Н.Н. Крадин [27], америкаліық 
антрополог А.М. Хазанов [28] сияқты шетелдік ғалымдардың 
еңбектерінде кезігеді .
Тәуелсіздік кезеңнің көптеген зерттеулерінде қазақстандық ға-
лымдар дәстүрлі қазақи дүниеге деген қатынастың (мифтер, фоль-
клор, эпос, аңыздар және т. б.) теориялық-дүниетанымдық аясына 
ғана емес, жыраулардың, билердің, ақындардың өмірлік мәні бар 
және дүниетанымдық ізденістеріне де назар аудара бастады. Осы 
ізденіс жұмыстарында қазақтардың жоғары материалдық және ру-
хани мәдениетінің болғандығы жайлы жазылуы кездейсоқ емес: 
«Біздің тек материалдық емес, сонымен қатар ең бастысы жоғары 
көркем ауызша және жазба мәдениеті, бай фольклор, эпос, жарқын 
музыкалық, поэтикалық және философиялық мұра сияқты рухани 
мәдениетіміз де бар» [13, 5 б.].
Қазақ рухани өмірінің жарқын көрінісі мақал-мәтелдер болып 
табылады. Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған, даналық сүзгісінен 
өткен қазақ мақал-мәтелдері, аңыздар, мен ертегілер бүгінде өз 
мәнісін жоғалта қоймаған. Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер аңыз-
әңгімелердің, әндердің, айтыс пен толғаулардың мазмұнына берік 
кірді. Мақал-мәтелдер тек қуаныш пен қайғыны, халықтың даналы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет