М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет37/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
35 
шектен тыс қаталдығынан өздері де даланың тұтқынына айналған 
кешіккен өркениетке жатқызады. «Қуаң даланы тек малшы ғана 
игере алады, бірақ ол жерде өмір сүріп, гүлденуі үшін көшпенді-
малшы тұрақты өзінің шеберлігін дамытып, жаңадан машықтанып, 
сонымен бірге ерекше адамгершілік және зиялылық қасиеттерін ту-
дыру керек. Егер көшпенді өркениетті егіншілікпен салыстыратын 
болсақ, онда номадизмнің белгілі бір басымдылықтары бар екенін 
көруге болады. Біріншіден, жануарларды қолға үйрету – өсімдіктер-
ді үйретуге қарағанда аса жоғары өнер, себебі бұл адам ақылы мен 
жігерінің жеңісі. Бұл жерде өнеркәсіптік өндіріспен қатар келеді. 
Егер егінші бірден пайдалануға болатын өнімді өндірсе, көшпенді 
өнеркәсіпке сай өз өнімін жақсылап өңдейді, әйтпесе пайдалануға 
жарамай қалады» [11, 185 б.]. 
Көшпендінің жылқыға ерекше қатынасы болғанын айтып кету 
қажет. Әсіресе, көшпенді қазақтың өмірінде жылқы ерекше мәнге 
ие болған, бұл туралы С.Е. Толыбеков: «қазақ – малшылар жыл-
қыны оның қасиетін, көшпендінің шаруашылығына қажет екенін 
жоғары бағалаған» деп дұрыс көрсеткен 
[12, 196 б]. Қазақ қашанда 
сәйгіліктермен, жорғалармен өз өмірлерін салыстырған. Сондық-
тан да көптеген қазақ әндері жылқыға арналған. Жылқы көшпенді 
үшін тек көшпелі мал шаруашылығы үшін өндіріс құралы ғана 
емес, этникалық қауымдастықтың рухан өміурінің жарқын көрінісі 
де болды.
Көшпелі өмір салтының динамизмі рухани өзіндік сезінудің 
ерекшелігін танытты және өзіндік дүниеге қөзқарастардан бай-
қалды. «Даланың көрініп тұрған көкжиегі, – деп жазады Ж.К. Қа-
ракөзова мен М.Ш. Хасанов, – біртұтас көрінетін де, көрінбейтін де 
әлемнің рәмізі болып келеді және ойлаудың, дүниені қабылдаудың 
және дүниетанымның ерекшеліктерін байқатты. Аспандағы күн-
нің шеңбері және далада көрінетін жоғарыдағы жарты шеңбердей 
күмбез Ғарыш пен өмірді дүниетанымдық қабылдаудың негізі бол-
ды. Күн және жартылай шеңбер – Ай – өмірдің негізінің рәмізіне
айналады» 
[13, 17 б.]. 
Көшпелілердің мәдениетіндегі шеңбердің 
рәмізі көшпенділіктің динамикасымен, оның құндылықтық әлемі-
мен тікелей байланысты болды.
Көшпенділердің дәстүрлі дүниетанымында адам өмірінің 
барлық саласындағы ғарышты абсолютті архетиптік қайталауын 
анықтайтын көшпенді өмірімен шартталған кеңістік жайлы өзіндік 
ұғымы бар, алайда жеке түрде ерекше белгілері көрініс табуы мүмкін 
еді. Мысал ретінде, көшпенділер тұратын үйлерінің кеңістігіне көз 
жүгіртейік. Ең бастысы, киіз үйдің тігілу орны да өзіне назар аудар-


36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет