М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет33/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
31 
қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады. Тарихи ба-
стаулар халықтың рухани дамуының негізі және жаһандық қатерлер 
жағдайында тұрақтылықты сақтап тұрудағы оның мүмкіндіктері 
ретінде заманауи мәдениетке объективті сипаттама беру үшін 
маңызды болып келеді. 
Этностың рухани әлемі ғасырлар бойы қалыптасқан тари-
хи құрылым болып табылады. Руханилық этникалық кеңістіктің 
ерекше құбылысы ретінде дүниеге, қоршаған әлемге деген 
адамгершілік қатынасқа негізделеді. Ол халықтың дәстүрлі адам-
гершілік құндылықтарын қайта түлетуді қажет етеді және ол 
басымдылығын іздеуге, талдауға және бекітуге бет бұрғызады. 
Төмендегі дұрыс атап көрсетілгендей, «адамның қабілеттерінің, ой-
ларының ұшқырлығының жоғарғы көріністерін білдіретін руха-
ни мәдениеттің ең мықты жетістіктері адамзаттың кемелденуіне 
қызмет ете отырып белгілі бір құрылыспен бірге жоғалмайды, 
керісінше ұрпақтан ұрпаққа беріліп, адамдардың зияткерлік, эс-
тетикалық және адамгершілік дамуына қызмет етеді ...» [3, 162 б.]. 
Әрбір этникалық әлем, әрбір этникалық мәдениет руханилық 
пен рухани құндылықтардың өзіндік анықтамаларын түзейді. 
Көшпенділердің этикалық және дүниетанымдық құндылықтары
эстеикалық мұраттары әлемді біртұтас дүние ретінде қарастырды 
және оның орталығы ерекше белгілермен рәмізделді. Қазақтың 
философиялық ойының тарихи тұрғыда түркілік тамырлары бар 
және ол көшпелі мәдениеттің архетиптері мен дәстүрлі құнды-
лықтарының негізінде қалыптасты. Белгілі қазақстандық фило-
соф А.Х. Қасымжанов өзінің еңбектерінде былай деген еді: «Менің 
ойымша, Қазақстан аумағы да кіретін Еуразияның ландшафты 
даласында жай ғана «көшпелілік», «көшпелі қоғам» қалыптасып 
қойған ғана емес, табиғат жағдайына байланысты жайылымдық 
мал бағу, бірақ бұдан басқа «салт аттылар мәдениеті», темір қорыту, 
қалалар, қол өнері, жер өңдеу сонымен қатар иррагациялық өнер 
сияқты технологиялық және мәдени жетістіктерді қамтитын ерекше 
өркениет қалыптасты. Оған әлемдік империялардың пайда болуы 
мен көші-қон үдерісіне әсерін қосыңыз» [4, 88 б.]. 
IX–XII ғғ. Орталық Азия аймағында ислам діні пәрменді түр-
де тарала бастады. Осымен байланысты бұл аймақтағы түркі тай-
паларының рухани өмірінде өзгерістер жүреді, мәдениеттердің 
өзара әрекеттесу өрбиді, түркі және ислам мәдениеттерінің кезде-
суі негізінде құндылықтық әлем қалыптаса бастайды. Арабтың тілі 
діни сенімнің ғана емес, ғылымның және әдебиеттің тіліне айналды. 
Онымен Шығыс ойшылдарының ғылыми және әдеби жауһарла-


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет