М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет30/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
1.2 
Қазақ этносының рухани өмірінің құндылықтық 
бағдарлары
Қоғамның рухани өмірі өте көпқырлы және ол адамдардың са-
насы, олардың ойлары мен сезімдерінің әртүрлі көріністерімен 
шектелмейді. Оның құрылымына сондай-ақ рухани құндылықтар-
дың қалыптасуы мен дамуына бағытталған адамдардың рухани 
қажеттіліктері, бұдан басқа оның негізін әлеуметтік субъектінің 
рухани іс-әрекеті құрайды. Осы іс-әрекеттің белгілі нәтижелері 
адамдардың әлемге көзқарастары, яғни моральдық, эстетикалық 
және діни көзқарастары болып табылады. Олар өз кезегінде мо-
ральдық ұстанымдарда және тәртіп ережелерінде, құндылықтық 
бағдарлар мен ділде, өнер шығармаларында және діни әдет-ғұрып 
пен салттарда және т. б. іске асырылады.
Қоғамның рухани өмірі әлеуметтік субъектінің тарихи жады-
мен байланысқан. Тарихи жад этностың әлеуметтік-мәдени дамуын-
дағы маңызды мәселе ретінде көптеген гуманитарлық зерттеулер-
дің нысанына айналады. Өзінің тарихи қайнарларына оралу ол 
тек патриоттықтың көрінуі, өзіңнің ата-бабаларыңның алдындағы 
парызың ғана емес, қазіргі кезде және болашақта өз Отаныңның 
тағдырына жауапкершілік, сонымен бірге социумның ұлттық 
кейіпте орнығуы, ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігі мәселе-
сіне ғылыми талдаулар жасау болып табылады.
Әрине, бұл мәлелелерді шешу барысында тарихи дамудағы 
кейбір кезеңдердің маңызын абсолюттендіру, немесе, керісінше 
олардың біріне менсінбей қараушылық, ешқандай мақтаудың 
шегінен шықпай және «жоғары көтере мақтау», немесе толықтай 
әшкерелеу мен жоқ етуден аулақ болып, шектен шықпаған ләзім. 
Алға қойып отырған міндеттің өзі, тарихтың барлық кезеңдерін 
объективті, әділ, ғылыми салыстыра тексерілген талдаулармен қам-
тамасыз ету және осынның негізінде халықтың мәдени және рухани 
бірегейленуінің қағидаттары мен тетіктерін анықтау.
Қазақ халқының рухани әлемінің әртүрлі көріністерінде белгілі 
бір эволюциялық мағына жатыр. Этностың рухани құрылымының 
даму логикасын жүйелеп зерттеу үшін, алдымен адамзат мәдениеті, 
оның руханилығының негізгі мәнін анықтаудан бастау қажет. 
Руханилық әлем жайындағы әртүрлі білімдерді жинақтаудан 
ғана тұрмайды, ол, бәрінен бұрын, адамның шындықты рухани 
қабылдауына көмектесетін, жасампаздықтың мағынасын игеру болып 
табылады. Бұл жағынан алғанда әлеуметтік субъектінің мұраттары 
маңыздылыққа ие болады және оны қазақ этносының ауқымында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет