М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет27/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
25 
тепе-теңдік пен тұрақтылық категориясы ретінде қазақ қоғамының 
саяси саласына еніп кетті [3]. 
Аталмыш қағидалар, бір қарағанда, бүкіл қоғамның үйлесімді 
дамуының алғышартын құрайтын формалды рәсімдер мен әдет-
ғұрыптардың жиынтығы сынды көрініс береді. Толеранттылық пен 
ымырашылдықтың қағидалары саяси бұлтарысты шектеп, саяси 
үдеріске қатысушыларды бойсұнуға, келісімге келуге итермелейді. 
Кей жағдайда бұл қағидалар қоғамдық-саяси қатынастарды тұрақ-
тандырушы ретінде, саяси жүйенің қызметін теңдестіру механизмі 
ретінде байқалады [4]. 
Шексіз жатқан дала кеңістігінде көшпенділерді басқару қиынға 
соққандықтан, елдегі хандар билігі отырықшы өркениеттегі шы-
ғыстық қатал билеушілердің билігіне қарағанда неғұрлым әлсіздеу 
болды. Билеушілердің қыспағына ұшырап немесе шиеленіс орын 
алған жағдайда ру немесе тайпаның қоныс аударуына мүмкіндік-
тері болды, мысалға, кезінде бірнеше тайпа Қазақ хандығының негі-
зін қалаған Жәнібек пен Кереймен бірге қоныстарын аударған еді.
Адам құқығы Тәуке ханның – «Жеті жарғы» заңдар жинағында 
ретке келтіріліп отырды. Аталмыш заңдар жинағының болуының өзі 
қазақ қоғамының құқықтық санасының жоғары деңгейде болғанын 
көрсетеді.
Ұлы дала кеңістігінде би институты да үлкен рөл атқарды. 
Ш. Уәлиханов өзінің «Сот реформасы жайлы жазбаларында» 
тұжырымдағандай: «Қазақтарда билер ешқашан халық арқылы 
сайланып та, тағайындалып та қойылмаған,
би лауазымына бекіту 
деген атымен болмаған; 
б
и болатын адамның бойынан бірнеше 
қасиет табылуы тиіс еді;
би атағынан үміткердің шешендік өнер мен 
аталы сөзді жақсы меңгеруі болған жағдайда ғана, осы абыройлы 
атаққа ие бола алды... Би атағы оның абырой-беделіне негізделген, 
бұл оның сот тәжірибесін жүзеге асыруға мүмкіндік берді» [5]. Осы-
лайша, билер билігінің басты көзі мемлекеттік жүйе тарапынан 
көрсетілетін күштеу емес, атақ-абыройдың беделі болған еді. 
Жоғарыда аталғандардың барлығы Орталық Азиядағы дәстүрлі 
көшпенді қоғамдардың саяси жүйесінің бейімдеушілік қасиеттері-
нің жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді, себебі, ақпаратты 
жеткізу жолдарының әралуан болуы билік шешімдерін қабылдау 
барысында қалың бұқараның саясатқа кеңінен араласуына ықпал 
ете отырып, барлық жүйенің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Негізінен, ортағасырдағы қазақ қоғамында сол кезеңнің өзінде-ақ 
өзіндік билікті бөлісу жүйесі құрылған еді. Хандар билігі институ-
ты монархиялық бола тұра, сайлауға жол беріп отырды. Сонымен 


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет