М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет21/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
19 
сында қалыптасқан өркениеттік дәстүр бойынша адам құқығы мен 
еркін қорғаудың, қазақ халқының жоғары философиялық-құқық-
тық мәдениетін ұстаған әдеп-ғұрып заңдарының жинағы саналатын 
Тәуке ханның «Жеті жарғысын» да атап өту керек. 
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» даланың құқықтық шығар-
машылығын көрсететін кейінгі еңбектердің бірі болғандықтан ғана 
қызығушылық тудырмайды, сонымен қатар оның қалыптасқан 
тарихи кезеңі де қиын-қыстау кезең болып саналады. Ол кезде 
Қазақ хандығы өз тарихындағы сындарлы сәттердің бірін басы-
нан өткерген еді. Қытай мен арадағы келіспеушіліктер, батыс пен 
солтүстік өңірге Ресей мемлекеті тарапынан төнген қауіптерді 
санамағанда, Оңтүстік аймақтағы үнемі орын алып отырған 
өзара соғыс пен шиеленістер жоңғарлардың пайда болуымен 
өрши түсті. Осы бір қиын-қыстау кезеңде Тәуке хан кикілжіңдер 
мен жікшілдікті ешбір соғыссыз-ақ, қазақ хандығының ішіндегі 
де, сыртағы да күрделі мәселелерді үнемі хандық кеңесті жинап, 
ымырашылдық саясатты жүзеге асыру арқылы ғана шешіп отыр-
ды. «Жеті жарғы» адам құқығын ретке келтіріп отырды. Замана-
уи терминологияға сәйкес, бұл жинақтың бойынан өмір сүру, 
некеге отыру, жер-мүлік құқығы, яғни негізінен азаматтық және 
экономикалық құқықтар көрініс тапты..
Қазақтардағы саяси құқықтың маңызды көрсеткіші ханды сай-
лау немесе көшбасшы ретінде қоғамның қолдауына ие Шыңғыс 
ханның ұрпағы саналатын төрелер билігін заңды деп танитын үде-
ріс болып табылады. Хандар билігі ұрпақтан-ұрпаққа емес, сайлау 
арқылы беріліп отырды. 
Қазақтардың еркінсүйгіштігі озбырлықты мойындамай әйел-
дер теңдігі мен еркіндігін жүзеге асырып, жеке тұлғаға деген құр-
мет білдіру, билікке жағымпаздана табынбауларынан байқалды. 
Көшпенділердің еркін өмір сүру салты дәстүрлі қазақ қоғамының 
саяси жүйесінің құрылымын институт ретінде қалыптастыруға 
ықпалын тигізді. 
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билік қызметіндегі негізгі қағи-
даларының бірі келісім мен саяси тепе-теңдікті орнату болып табы-
лады. Басқаша айтқанда, жоғарғы мемлекеттік биліктегі қызметке 
орналастыру мәселесі билік субъектілерінің өзара келісіп шешуі 
арқылы құпия түрде жүзеге асады, ал бұл өз кезегінде саяси үдеріс-
тің қатысушыларын консенсусқа келуге немесе әрбір «ойыншының» 
өзін қалай ұстау керектігін анықтайтын белгілі бір келісімге қол 
қоюға итермелейді. Сондықтан да, Қазақстандағы билік сипатын 
ұғыну үшін қазақтардың дәстүрлі саяси мәдениетін, құндылықтар 


20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет